Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Дерт шалған қияр ӛсімдігі



Pdf көрінісі
бет187/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
151-сурет. Дерт шалған қияр ӛсімдігі 
 
Жемісте сары-жасыл теңбілділік байқалады. Кейде жеміс түгел сары-
жасыл түсті болып, кейбір жағдайларда қияр жемісінің ӛз түci (қоңыр-
жасыл) дӛңес дақ түрінде сақталады. Ауру жемістер хлорозданып, түгел 
ағарып, жасыл түс тек майда сүйел түрінде болуы мүмкін. Залалданған 
ӛсімдіктер жиі солып, гүлдері қурап, желі сабақтары сарғаяды. Ӛсімдікке 
қолайсыз жағдайда, бұл кесел дами түседі. 
Ауру қоздырғышы – Cucumis virus 1 Smith. вирусы. Қоздырғыш 
қуаңшылыққа тӛзімсіз келеді. Ӛсімдік шырынында 4 күнге дейін сақталып, 
ал 60-70°С температура деңгейінде 10 минутта инактивацияланады 
(жансызданады). 
Вирус бітелер кӛмегімен ӛсімдіктен ӛсімдікке таралып, арам 
шӛптердің (дала қалуені және т.б.) тамырында қыстап шығады. 
Қоздырғыш барлық асқабақ тұқымдасына жататын ӛсімдіктерді, 
қызанақты, қалуенді т.б. залалдайды.
Қиярдың жасыл теңбілі (мозаикасы). Аурудың сыртқы белгілері 
кәдімгі қияр теңбілінің белгілеріне ұқсас, тек жеміс бойындағы 
сүйелдердің орнына ашық-жасыл 
және сары түсті жолақтар түзіледі 
(152-сурет). 
152-сурет. 
Қиярдың 
жасыл 
теңбілі 


254 
Ауру қоздырғышы – Cucumis virus 2 Smith. вирусы. Бұл вирус 
насекомдармен таралмайды, бірақ олар ӛciмдік шырынымен жұғады. 
Кептірілген ӛсімдік шырынында 1 жыл бойына сақталып, 90-95°С 
температурада ғана тipшілікке қабілетін жояды. Вирустың бұл түpi барлық 
асқабақ тұқымдас (асқабақтан басқа), қызанақ, қалуен және басқа да 
ӛсімдіктерді залалдайды. Инфекция қоры тұқымда және ӛсімдік 
қалдықтарында сақталады. 
Вирустың әсерінен ӛсімдіктің ӛcyi саябырлап, ӛнім сапасы мен 
шығымы тӛмендейді. 
Сары (ақ) теңбіл (мозаика). Ауру қоздырғышы – Cucumis virus 2A 
вирусы. Ол жоғары температураның әсерінен киярдың жасыл теңбілінің 
штаммынан пайда болады. Вирустың жаңа қасиеттері бекітіліп, тұқым 
қуалайды. 
Күтіп-баптау кезінде вирус ӛсімдіктің шырынымен таралады. 
Инфекция қоры тұқым мен ӛсімдік қалдықтарында сақталады. Сары теңбіл 
жасыл теңбіл ауруына қарағанда зиянды. Ауру кеңінен таралғанда 
алынатын ӛнм шығымының тең жартысы жойылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет