Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Жабық және ашық алаңдарда қияр дақылын аурулардан



Pdf көрінісі
бет188/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

5.9 Жабық және ашық алаңдарда қияр дақылын аурулардан 
қорғау шаралары 
Қиярды зиянды ауру қоздырғыштар тобынан қорғау аурудың дамуын 
тежейтін және алдын алу шараларына негізделеді. 
Жылыжайларда аурудың дамуына және инфекция қорының 
жиналуына қолайлы жағдайларды ескере отырып, тӛмендегі санитарлық-
гигиеналық шараларды сақтау қажет: 
1. Соңғы ӛнімді жинаудан кейін, ӛсімдікті зарарсыздандырып, оны 
мұқият жинап, жылыжайдан арнайы орындарға шығарып, ӛртеу. 
2. Жылыжай құрылыстарын, қолданылған құралдарды, топыракты 
жэне жасанды субстраттарды 40% формалиннің (125 мл/л – 5-10 л/м
2

ерітіндісімен ӛңдеп, 5-7 күн полиэтиленмен жауып, бұқтыру; 
3. Герметикалық жылыжайларда арнайы күкірт түйірлерін (50 г/м
2

немесе күкіртті (100 г/м
2
) жағып, газбен зарарсыздандыру; 
4. Жылыжайлар айналасындағы арам шӛптермен және вирус 
инфекциясын жинақтаушы ӛсімдіктермен үнемі күресу, ашық алаңдағы 
қияр және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдарды бір-бірінен алшақ егу; 
5. Жылыжайларда ӛсірілетін дақылдар айналымын дұрыс сақтау; 
6. Тұқымды себуге мұқият даярлап, оны Вовка тәсілімен (50-52°С 
температурада үш, ал 80°С – бip тәулік) термостатта ӛңдеу; 
7. Жылыжайларда ӛсімдіктің дамуына қолайлы жағдай жасау. 
Қолайлы температура мен ауа ылғалдылығын сақтау, яғни топырақ 
ылғалдылығын вегетация бойы 85-90%, ал температурасын 20-21°С 
деңгейінде ұстау; ӛсімдікті жылы сумен суару; ауа температурасын 17-
18°С тӛмен және 35°С жоғары асырмау; күн мен түн температурасының 


255 
айырмашылығы 4°С аралығында болуы қажет; 
8. Жабық алаңдарға арналған нұсқау бойынша қиярды ӛcipy 
технологиясына сәйкес органикалық және минералды тыңайтқыштарды 
топыраққа енгізу, әcipece азот тыңайтқышын мерзімінде, мӛлшермен беру, 
себебі оның артық мӛлшері ӛсімдіктің ауруларды қабылдағыштығын, ал 
торф кepiciншe тамыр шipiгінe тӛзімділігін арттырады; 
9. Тамыр шірігінің әсерінен солу белгісі біліне бастағанда, 
ӛсімдікте қосымша тамыр пайда болу үшін, оны байлауынан 2-3 
буынаралығына тӛмендетіп, 2 см топырақ пен құм қоспасын үйіп, 50% 
фундазол, с.ұ. ерітіндісімен (2 г/л) әр тамырға 0,5 л есебінен немесе 1% 
калий қышқыл марганецпен ӛңдеу; 
10.Вирус ауруларына қарсы сұйытылған сүт (1:10) ерітіндісімен 
немесе майы айырылған сүтпен ӛсімдіктерді бүрку және инфекцияны 
таратушы сорғыш насекомдармен ұдайы күресу; 
11.Қоңыр дақ ауруы дами бастағанда, ауа ылғалдылығын тӛмендетіп, 
ауруға шалдыққан ӛсімдіктерді жылыжайлардан шығарып, жою; 
12.Склеротиниоздың алғашкы белгісі біліне бастағанда, ауруға
шалдыққан бӛліктерді саңырауқұлақ жіпшумағы мен ауру ұлпалардан 
тазалап, оған әк немесе ағаш кӛмірі ұнтағын себу. Ӛсімдік айналасындағы 
топыраққа ағаш күлін немесе торф себу, залалданған сабақ бӛлігіне бор 
немесе әктің 50% ровраль, с.ұ. қоспасын (2:1 немесе 1:1 арақатынасында) 
жағу. 
13.Пероноспороз, қоңыр дақ, ақ шipiк (склеротиниоз), аскохитоз 
ауруларының алғашқы белгілері біліне бастағанда бордос сұйығымен (100 
г. мыс купоросы мен 100 г әктің 1 л су еpітіндіci), 34,5% купроксат 
қойыртпағымен – 5 кг/га немесе 90% мыс хлороксиді, с.ұ. – 2,4 кг/га 
ерітіндісімен әр 7-10 күн сайын ӛңдеу; 
14.Ақ ұнтақ ауруының белгісі біліне бастағанда 25% байлетон, с.ұ. 
(0,2-0,6 кг/га); 10% топаз, э.к. (0,5-0,75 кг/га) фунгицидтерімен әр 7-15 күн 
сайын ӛңдеу. Ұсынылған фунгицидтер Қазақстан Республикасында рұқсат 
етілген пестицидтердің тізіміндегі мӛлшеріне және мерзіміне сәйкес 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет