Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет192/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
6.1.2 Ақ ҧнтақ 
Республикада кең таралған, әcipece оңтүстік аймақтарда зияндылығы 
мол. 
Кеселге ӛсімдіктің жапырағы, ӛркені, гүлі, кейде жемісі шалдығады. 
Алма ағашында ақ ұнтақ ауруы бүршіктер ашыла бастағанда және 
алғашқы жапырақтары түзілгенде пайда болады. Жаңа ашылған жас 
жапырақта, оның сағағында ақ-сұр кейде сарылау ӛңез түзіліп, залалданған 
жапырақтар жетілмей, негізгі жүйке бойымен ширатылады. Гүл шоғыры да 
ақ ӛңезбен жабылады (155-сурет). 
 
155-сурет. Алманың ақ ҧнтақ ауруы сол жақта – залалданған 
жапырағы, оң жақта – залалданған гүл шоғыры 
Ӛркен бетіндегі ӛңез алғаш ақ түсті, кейін сұрланып, кейін біртіндеп 
қоңырайады, оның бетінде қара ноқат тәрізді клейстотецийлер түзіледі де 
тез түсіп қалады. Түйін түзіле бастағанда кесел ақ ұнтақ түрінде бiлiнiп, 
қысқа мерзімде жойылады да, жеміс бетінде сарғыш тор тәрізді белгі 
қалады. 


260 
Ауру қоздырғышы – Podosphaera leucotricha Salm. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыш алмұртты да залалдайды, бipaқ ауру қатты дамымайды. 
Саңырауқұлақ жіпшумағы ұлпа бетінде дамып, аппрессорийлерінің 
кӛмегімен ұлпаға беркіп, гаусторийлері ұлпаның ішіне енеді. Жіпшумақ 
бетінде конидиялы спора тасушыларда бip клеткалы, түсciз, эллипс тәрізді, 
аумағы 21,7-37,2 10,9-17 мкм конидиялар тізбектеліп түзіледі де, жаңа 
ӛсімдіктерді залалдайды. 
Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі ие-ӛсімдіктің жағдайына 
және орта температурасына байланысты 4-10 күнге созылып, жаз бойы 
қоздырғыш бірнеше ұрпақ береді. 
Клейстотецийлер кӛбіне жас ӛркендер мен жапырақ сағағында 
түзіледі. Олардың пішіні шар тәрізді, қара-қоңыр түсті, қосымшалары eкi 
түрлі: бipi қысқа, иректелген, ашық-қоңыр түсті, қарапайым аздаған 
қосымшалары клейстотецийдің астыңғы бӛлігінде түзіледі; басқасы 
ұзынша, ашық-қоңыр түсті, жоғарғы бӛлігі түссіз косымшалар 3-7 ден 
шоқтанып, клейстотецийдің үстіңгі бӛлігінде орналасады. Клейстотеций 
ішінде 8 споралы, пішіні дӛңгелек немесе сопақша бip қалта түзіледі. 
Клейстотецийлер тез түсіп, басқа микроағзалар әсерінен ыдырап
инфекция қоры бола алмайды. 
Саңырауқұлақ жіпшесі ӛсімдіктің бүршіктерінде (ӛсу және жеміс 
беру) кезеңінде сақталады, сондықтан кӛктемде жаңа ашыла бастаған 
жапырақтар мен гүлдер ақ ұнтақ ауруымен залалданады. Ӛсімдіктің 
жапырағы мен жас ӛркендеріне түскен споралар жіпшеге ӛніп, ӛрбіп, 
бүршіктерге еніп қыстайды да, ауруға шалдыққан ӛркендерде кесел үнемі 
дамып отырады. Шық пен ыстық ауа райы және ӛсімдікті уақытылы 
суармау аурудың дамуына қолайлы жағдай. 
Кӛшеттіктерде залалданған ӛркендер қисайып, ӛспей қурайды. 
ӛркендердің жойылуы тікелей саңыраукулақ, әсерінен немесе паразитпен 
залалданған ӛркендердің әлсіреп, суыққа тӛзiмділігi тӛмендеп, осының 
нәтижесінде кӛшеттердің негізгі ӛркендерінің саны кемиді. 
Аурудың салдарынан ӛсімдіктің фотосинтез қарқындылығы 
тӛмендеп, жапырақтары мен жемістері майдаланып, ӛркендері қысқы 
суыққа тӛзімсіз келеді. Залалданған гүл шоғыры түciп, түйін байланбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет