Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-тарау. Жеміс және жидек дақылдарының аурулары



Pdf көрінісі
бет190/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6-тарау. Жеміс және жидек дақылдарының аурулары 
 
6.1 Шекілдеуікті жеміс ағаштарының аурулары 
Жеміс ағаштары кӛптеген ауруларға шалдығады. Шекілдеуікті 
дақылдардың аса зиянды ауруларының бipi таз-қотыр. Кӛктемі созылмалы 
және ылғалы мол жылдары бұл ауру қарқынды дамиды. 
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ақ ұнтақ ауруы 
жиі кездеседі. Аталған кеселдің дамуына және кең таралуына ауа-райының 
ықпалы зор. 
Тат, әртүрлі дақтар, шіріктер және басқа да аурулар олардың 
қоздырғыштарына қолайлы жылдары дамып, шоғырланып кездескенімен 
ӛнімнің шығымы мен сапасын тӛмендетіп, едәуір зиян келтіреді. 
6.1.1 Алма мен алмҧрттың таз-қотыры 
Таз қотыр (парша) – кең таралган ауру, бipaқ климаты құрғақ және 
ыстық аудандарда сирек кездеседі. 
Ӛсімдіктің жапырақтары, жемістері және ӛркендері залалданады. 
Жапырақтың үстіңгі бетінде зәйтүн-жасыл, қоңыр-жасыл, қою-жасыл 
кӛлемі мен пiшінi әртүрлі дақтар пайда болып, мақпалды ӛңезбен 
жабылады. 
Жеміс бетіндегі дақтар жоғарыда аталғандай, бірақ олардың шеті 
жіңішке ақшыл жиекпен кӛмкеріледі. Залалданған ұлпалар тозды қабатқа 
айналып, кӛбіне дақтар шытынайды. Бұл белгі алмұрт жемісінде жиі 
байқалады. Залалданған жас жемістер бip жақты дамиды. 
153-сурет. Таз қотыр ауруы сол жақта – алма жемісінде,
оң жақта – алмұрттың жемісі мен жапырағы 
Ӛркендердегі таз-қотырдың белгісі қабықта сәл дӛңес түрінде білініп 
кейін қабыршақтанып жарылған жарықтардан спора массасы кӛрінеді. 
ӛркеннің ӛcyi саябырлап, бірте-бірте қурауы мүмкін. 


258 
Алма мен алмұрттың жапырақ сағақтары, сондай-ақ жеміс сағақтары 
және гүлдері залалданады. Ауруға шалдыққан сағақтардың жапырақтары 
мен жас түйіндері түсіп, залалданған гүлдер түйін байламайды. Гүл 
тостағаншасының жеке жапырақтары ерте залалданса, ауру аса қауіпті, 
себебі кеселден кейін жемісі аз байланып, зиян келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет