Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет193/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

6.1.3 Қара рак 
Кесел республиканың барлық бақ шаруашылықтарында кездеседі
әcipece оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында аса зиянды. 
Қара рак ауруымен шекілдеуікті жеміс ағашының жапырағы, гүлі, 
жемісі, дің ойдымы мен нeгiзгi бұтақтары залалданады. Жапырақ бетінде 
алғашында түсі қоңыр, шеңберлі дақ түседі. Дақ ортасы ақшылданып, 
кейін сұрланады (156-сурет, сол жақта). Күзде дақ бетінде қара түсті 
пикнидалар түзіледі, кейде олар түзілмеуі де мүмкін. Залалданған 
жапырақтар қурап, мезгілінен бұрын түсіп қалады. 


261 
156-сурет. Алманың қара рак ауруы: сол жақта – залалданған 
жапырағы, оң жақта – ағаш діңінің бойындағы ауру белгісі 
Залалданған гүлдердің күлте жапырақтарында аурудың белгісі 
"күйік" түрінде білінеді. Олар қоңырайып, жиырылып, аталық пен 
аналықтары қараяды да, кейін аталған мүшелерде саңырауқұлақ 
пикнидалары пайда болады. 
Ауруға шалдыққан жемістерде шipiк ауруы дамиды. Залалданған 
қабық астында алғаш кӛлемі аса үлкен емес қоңыр дақ түсіп, ұлғаяды. Дақ 
бетінде кейін шеңберленіп орналасқан пикнидалар кӛрінеді. 
Залалданған жеміс түгел қарайып, қыртыстанып, мумияға айналады. 
Мумияланған жеміс қатайып, беті пикниданың кӛптігінен бұдырланып, 
қараяды. Жеміс кӛктей (ерте) залалданса кеуіп, қараяды. Саңырауқұлақ 
жеміс бүршіктерінде қыстап шығып, кейін ӛсімдіктің жас түйіндеріне 
диффузды таралады. 
Кеселге шалдыққан ағаш қабығында қоңыр-күлгін дақтар пайда 
болып, кейде қабығы түссізденіп, кейін қоңырайады. Залалданған және сау 
ұлпалар аралығында қабық жарылып, кейін жансызданып қураған қабық 
торланып, жарықтанып, түсіп, орнында қарайған ағаш діңі кӛрінеді (156-
сурет, оң жақта). Эпидермис астында қара пикнидалар түзіліп ағаштың 
қабығы күйгендей сипатқа енеді. Діңнің залалданған бӛлігінен жоғары 
орналасқан бұтақтары жансызданып қурайды. Тікелей діңнен тармақталған 
бұтақтар залалданса, ағаш 3-4 жылда қурап жойылады. 
Ауру қоздырғышы – Sphaeropsis malorum Peck, саңырауқұлағы. 
Пикнидалары шар тәрізді, қара-қоңыр түсті. Пикноспоралары алғашында 
түссіз, бip клеткалы, жетілгенде қара-қоңыр, кейде eкi клеткалы, 
споралары бip немесе екі түссіз жіпшеге ӛнеді. Инкубациялық кезеңі 15-27 
күн. 
Жылы, ылғалы мол ауа райы, ӛciмдiк қабығының жабын 
ұлпаларының залалдануы аурудың жаппай дамуына әсер етеді, қолайлы 
температура 26-27°С. Инфекция қоры залалданған ұлпада жіпше, ал түскен 
жапырақ пен жемістерде пикнида түрінде қыстап шығады. 
Қара рак ауруы жасы 20 жылдан асқан ағаштарды залалдайды. Бұл 
ауру алма ағашының аса қауіпті кеселі. Оның салдарынан бұтақтар қурап, 
ағаш түгел жойылады. 


262 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет