Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет191/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
154-сурет. Таз қотыр ауруы сол жақта – алма жапырағында,
оң жақта – алмұрт жапырағында 
Ауру қоздырғышы алмада – Venturia inaequalis Wint., алмұртта – 
V.pirina Aderh. саңырауқұлақтары. Қоздырғыш конидиялы кезеңінде 
алмада – Fusicladium dendriticum Fcke., алмұртта – F. pirinum Fcke. деп 
аталады. Саңырауқұлақтардың морфологиялық және биологиялық 
ерекшеліктері бірдей, бipaқ олар ӛзіне тән ие-ӛсімдікте, яғни алмұртқа 
бейімделген саңырауқұлақ алманы залалдамайды және керісінше дамиды. 
Саңырауқұлақ конидиятасушылары қоңыр немесе зәйтүн түсті, тiк 
орналасқан, тегіс, бip клеткалы, негізгі сәл дӛңестеу, жеке немесе 
шоқтанып түзіледі, кейде киіздей түзілім құрады. Конидиялары дара, 
зәйтүн түсті, пiшiні жұмыртқа немесе тepic шоқпар тәрізді, нeгiзi доғал
ұшы үшкір, бip клеткалы, кейін пердемен бӛлінеді. 
Жаз бойы саңырауқұлақ конидиялары бірнеше (4-10, ал оңтүстікте 
одан да кӛп) ұрпақ бepiп, жапырақтарды, жас ӛркендерді залалдайды. 
Күзде жерге түскен жапырақтарда саңырауқұлақ перитецийлері пайда 
болады. Кӛктемге дейін олардың ішінде қалта мен қалтаспоралар түзіліп, 
жетіледі. Қалтаспоралар перитецийден жауын-шашын болған жағдайда 
босап шығып, ӛсімдік бүршік жара бастағанда жас жапырақтарды 
залалдайды. 
Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 8-21 күнге дейін созылады
ал 17-21°С температура деңгейінде инкубациялық кезеңі алмада 10, 
алмұртта 8-9 күн. Қоздырғыш жіпшесі эпидермис қабаттың сыртқы клетка 


259 
қабырғасы мен кутикула аралығында таралады. Жіпшумақта мол 
конидиялы спора тасушылар пайда болып, жапырақ кутикуласын жарып 
шығып, оның бетінде мақпалды ӛңез түзеді. 
Алма мен алмұрттағы таз-қотыр ылғалы мол аудандарда жиі 
кездесед1. Кӛктемнің соңғы, жаздың бастапқы кезіндегі мол жауын-
шашын және шық таз-қотыр ауруының дамуына қолайлы. Инфекция қоры 
түскен жапырақтарда қыстайтын перитецийлер мен ӛркендердегі 
жіпшумақ болып табылады. 
Аурудың салдарынан ӛсімдік ассимиляциясы кеміп, транспирациясы 
күшейіп, жапырақтары мен түйіндері мезгілінен бұрын түсіп, ӛркендердің 
ӛcyi саябырлап, суыққа тӛзімділігі және жеміс сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет