Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет20/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
2.2.5 Эпифитотийлер
Эпифитотийлер дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір 
аймақта инфекциялық аурулардың кең таралуы. Эпифитотий құбылысы 
белгілі бір заңдылықтарға бағынады және мынадай 3 жағдайдың ӛзара 
сәйкестігінен туындайды: 
 белгілі бір аймақта ауру қоздырғыштары қорының жинақталуы; 
 үлкен аудандарда дақылдардың нақты бір патоген түріне тӛзімсіз 
сорттарының ӛсірілуі; 
 патогеннің ӛсіп-жетілуіне оңтайлы сыртқы орта жағдайларының 
қалыптасуы. 
Аталған жағдайлардың маңыздылығы басқа факторларға да 
байланысты. Мысалы, патоген қоры жинақталғанда оның тек саны ғана 
емес сапасының да маңызы бар. Сабақ татының масақтану кезеңінде бір 
сабаққа шаққанда қоздырғыштың 50-ден астам жаздық споралары келсе 
ғана дәннің сүттеніп пісу кезеңінде эпифитотийге айналуы мүмкін. 
Патогеннің агрессивтілігі жоғары болуы қажет. Сол сияқты ӛсіріліп 
жатқан дақыл сорттарына патогендердің вирулентті нәсілдері сәйкес келуі 
қажет. Ӛсімдіктердің ауруларға тӛзімділігі агротехникалық шараларға да 
байланысты. 
Ауру қоздырғышы мен ӛсімдіктердің күйі негізінен сыртқы орта 
жағдайларына байланысты. Мысалы бидайдың қоңыр тат ауруының 
қоздырғышымен залалдануы үшін міндетті түрде 15...20
о 
температура 
деңгейінде (саңырауқұлақ споралары ӛсуі үшін оңтайлы температура 
деңгейі) 4-8 сағат бойына ӛсімдік жапырағының бетінде сұйық-тамшы 
күйіндегі ылғал болуы қажет. 
Температура мен ылғалдылық сондай-ақ патогеннің инкубациялық 
кезеңінің, спора түзу (саңырауқұлақтар үшін) ұзақтығын және залалдану 
ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. 
Кез келген эпифитотий үш сатыдан тұрады:
әзірлік; 
нағыз эпифитотий; 
басылу. 
Дайындық сатысында инфекция қорының жинақталуы жүреді. Бұл 
сатының ұзақтығы едәуір болады; моноциклдік аурулар үшін – бірнеше 
жылдар бойына. Екінші сатыда ӛсімдіктердің кеселмен жаппай ауруы 
байқалады. Бұл кезде егістіктің түгел жарамсыз болуы да жиі кездеседі. 
Соңғы сатысында – аурудың қарқындылығы біртіндеп бәсеңдейді, оның 
себебі патогеннің ерекшелігі немесе қорғау шараларының нәтижесі болуы 
мүмкін. 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет