24
ауруының (жас ткандерді залалдайды), қызылша тамыр шірік ауруының
(кӛктегеннен 4-ші нағыз жапырақ түзілгенге дейін залалдайды)
қоздырғыштары жатады.
Екінші топқа кәрі ұлпаларды, яғни ӛсімдіктер
дамуының соңында
залалдайтын ауру қоздырғыштары жатады (қызылшаның церкоспорозы,
қарақаттың антрокнозы).
Үшінші топқа ӛсімдіктерді бүкіл тіршілік циклі бойына залалдайтын
патогендер жатады (жүгері қара күйесі).
Бірінші және екінші топ ӛсімдіктерінің ауру қоздырғыштарына
қарсы тӛзімсіз кезеңдерінен тез ӛтуге мүмкіндік беретін күрес шараларын
қолдануға болады.
Органотроптық, немесе ұлпалық мамандану дегеніміз патогеннің
ӛсімдіктің
нақты
мүшелерінің
ұлпаларының:
жапырақтарының,
жемістерінің, түйнектерінің, тамырларының
немесе олардың нақты бір
ұлпаларының залалдауы. Мысалы, қырыққабаттың кила ауруы оның
тамырын жарақаттаса, ақ ұнтақ ауру қоздырғышы – жапырақтың
эпидермалық ұлпасын залалдайды.
Бір ауру қоздырғышының бірнеше мамандану типі де кездеседі.
Мысалы, бидайдың
ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы Erysiphe graminis
f.sp.tritici тек
Triticum туысын ғана залалдайды (филогенетикалық
мамандану); сонымен қатар ол эпидермис ұлпасында паразиттік тіршілік
кешеді (ұлпалық мамандану).
Достарыңызбен бөлісу: