18
Аурудың жҧғуы. Кез келген инфекциялық аурудың дамуы жұғудан,
яғни ауру қоздырғышының ӛсімдік ұлпасына еніп, паразиттік тіршілік ете
бастағанынан басталады. Алғашқыда ауру қоздырғышы ӛсімдік бетіне
түседі, ал саңырауқұлақ патогендердің споралары ӛсіп, қоршаған ортаның
белгілі бір жағдайларына сәйкес ӛсімдіктердің
жабын ұлпалары арқылы
енеді. Жай ғана саңырауқұлақ спораларының ӛсімдік бетіне түсуінен, яғни
ӛсімдіктердің споралармен ―ластануынан‖ ауру жұқпайды.
Ауру қоздырғыштарының ӛсімдік бойына енуі үшін қоршаған
ортаның температуралық және ылғалдылық жағдайы белгілі бір деңгейде
болуы қажет. Әр түрлі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтар спораларының
ӛсу үшін қажетті жылуға және ылғалдылыққа талабы әр түрлі болады.
Осымен
қатар жарық, оттегі, ӛсімдіктердің бойынан бӛлініп шығатын
заттар сияқты факторлардың да маңызы зор.
Мысал ретінде бидайдың қоңыр тат ауруының қоздырғышымен
залалдануын қарастырып ӛтуге болады. Кӛктемде, немесе жаздың басында
саңырауқұлақ споралары ауа ағысымен жапырақ бетіне түседі. Егер
жапырақ
ылғалды болса, немесе кӛп ұзамай шық түссе, споралардың ӛсу
түтікшесі ӛсе бастайды (қажетті температура 3…25
о
С деңгейінде болуы
қажет). Бұл кездегі спораның ӛсуі бойындағы қор заттарының есебінен
жүреді. Спораның ӛсу түтікшесі жапырақтың
леп тесігі бағытында
қозғалады. Осы жерде саңырақұлақ жіпшесі (гифі)
аппрессория деп
аталатын жазық түзілім кӛмегімен жапырақтың эпидермалық клеткасына
беркиді. Аппрессориядан гиф жалғасы ӛсіп шығып, леп тесігіне еніп,
жапырақ ұлпасына таралады. Ӛсімдік пен паразиттің арасында орналасқан
байланыс бойынша саңырауқұлақ ӛз қорегіне ӛсімдік синтездеген
ӛнімдерді пайдалана бастайды.
Ауру қоздырғыштарының ӛсімдік бойына енуі әртүрлі
жолдармен
жүреді. Патогендердің басым кӛпшілігі жоғарыдағы мысалда аталғандай
ӛсімдік ұлпасына табиғи саңылаулары: леп тесіктері, жасымықшалары,
гидатодалары арқылы енеді. Бұл жол негізінен бактерияларға және кейбір
саңырауқұлақтарға тән. Факультативті паразиттер қатарына жататын ауру
қоздырғыштары ӛсімдік ұлпасына негізінен әр түрлі
механикалық
жарақаттар арқылы енеді.
Кәдімгі ақ ұнтақ ауруын қоздыратын кейбір саңырауқұлақтар, гүлді
ӛсімдік бойына, ӛзінің ферментімен ыдыратып тұтас жабын ұлпасы
арқылы ене алады. Енгеннен соңғы паразиттің дамуы ӛсімдік бетінде
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: