Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Алғашқы және екінші кезекті инфекция. Инфекцияның



Pdf көрінісі
бет18/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.2.3 Алғашқы және екінші кезекті инфекция. Инфекцияның 
сақталуы 
Бір жылдық ӛсімдіктер және кӛп жылдық ӛсімдіктердің 
жапырақтары мен ағымдағы жылғы ӛскіндер ауруға шалдыққанда дерт 
вегетация басынан басталып, маусым бойына жүреді. Бұл бастапқы 
немесе алғашқы инфекция деп аталады, яғни кесел бір маусымда басталып, 
әдетте тек инфекциямен залалданған ӛсімдіктердің бойында ғана 
байқалады. Алғашқы залалдануды топырақта немесе ӛткен жылғы ӛсімдік 
қалдықтарында қыстап шыққан немесе дақыл тұқымымен келген ауру 
қоздырғыштар туындатады. Ауру қоздырғыш сондай-ақ ауа ағынымен де 
келуі мүмкін. 
Бірқатар аурулармен ӛсімдіктердің залалдануы бір маусымда тек бір-
ақ рет болады. Бұндай аурулар моноциклдік аурулар деп аталады. Олардың 
қатарына мысалы дақылды тек гүлдеген кезде ғана залалдайтын бидайдың 
тозаңды қара күйе ауруын жатқызуға болады. Басқа кӛптеген ауру 
қоздырғыштарының инкубациялық кезеңі біткеннен соң, бір вегетация 
кезеңінің ішінде басқа сау ӛсімдіктерді залалдауға қабілетті инфекция 
түзіледі (саңырауқұлақ споралары, бактерия клеткалары). Ӛсімдікті 


20 
залалдағаннан жаңа инфекциялық бірлікті түзгенге дейінгі мерзім 
генерация кезеңі, немесе генерация деп аталады. 
Патогеннің 
биологиялық 
ерекшелігіне, 
сорттың 
тӛзімділік 
дәрежесіне және нақты қалыптасқан ауа-райы жағдайына байланысты бір 
ауру қоздырғышы вегетация бойына бірнеше (кейде 8-10 тіпті одан да кӛп) 
генерация (ұрпақ) беруі мүмкін. Бұндай аурулар полициклдік деп аталады.
Жұқпалы ауру қоздырғыштарының тарату (инфекция) кӛзі және 
сақталу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде кең 
тарағандары: 
Топырақ. 
Топырақ 
– 
инфекцияның 
сақталатын 
және 
жинақталатын негізгі орын. Топырақта спора түзетін бактериялар, кейбір 
ӛте тұрақты вирустар, гүлді паразиттердің тұқымдары сақталады. Циста, 
ооспоралар, телиоспоралар, хламидоспоралар, склероцийлер түріндегі 
саңырауқұлатардың тыныштық күйдегі формалары топырақ бойында 
сақталады. Олардың ішінде әсіресе цисталардың тұрақтылығы ӛте жоғары 
болады: олар ӛз тіршілікке қабілеттілігін 10-15 жылға дейін сақтайды. 
Бірқатар саңырауқұлақтар топырақта сапротрофты кезеңде болып, 
топырақтағы тұрақты организмдермен бәсекеге түседі. Белгілі ауру 
түрлерінен картоптың рак ауруының, астық, бұршақ және де басқа
дақылдардың тамыр шірігінің, күздіктердің жалған ақ ұнтақ, склеротиниоз 
ауруларының қоздырғыштары және басқалары топырақта жақсы 
сақталады. 
Ӛсімдік қалдықтары. Кӛптеген фитопатогенді бактерияларды
кӛптеген жартылай паразит саңырауқұлақтарды таратушы – ӛткен 
вегетациялық кезеңде ауруға шалдыққан ӛсімдіктердің қалдықтары. 
Облигаттылар қатарына саңырауқұлақтар жатады. 
Ауру қоздырғыштарының бір тобы ӛсімдік қалдықтарында топырақ 
астында да, бетінде де сақтала алады, ал кейбіреуі – тек қана топырақ 
бетінде ғана сақтала алады. 
Тҧқым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет