33
түзілімдерге айналуы (жоңышқа филлодия, қара қарақаттың реверсия
аурулары және т.б.).
Микоплазмалдарды негізгі тасымалдаушылар – цикадкалар:
Hyalesthes oboletus, Macrosteles fascifrons және басқалары. Олар
инфекцияны белгілі бір мерзім (латенттік немесе инкубациялық) ӛткеннен
соң ғана таратады.
Микоплазмалық ағзалар тек ӛсімдіктердің тірі мүшелерінде –
түйнектерде,
кӛпжылдық
арам
шӛптердің
атпа
тамырларында,
пиязшықтарында және т.б. қыстайды. Тұқымдарымен және ӛсімдік
қалдықтарымен тарайды.
Микоплазмалық ағзалардың кӛптеген түрлерінің
филогенетикалық
мамандануы бар, яғни олар әр түрлі тұқымдастарға жататын ӛсімдіктерді
залалдауға қабілетті. Мысалы, алқалылар столбуры қызанақты, картопты,
бұрышты, сонымен қатар шырмауық, сүттіген, қалуен т.б. арам шӛптерді
залалдайды. Ал қарақаттың реверсия ауруы
тек қара қарақатқа ғана
қауіпті.
Микоплазма қоздыратын аурулар диагностикасы.
1. Сыртқы түрі бойынша (айқындалу белгілері бойынша);
2. Электрондық микроскопия кӛмегімен зерттеу;
3. Патогеннің инфекцияға қабілетін анықтау (насекомдар кӛмегімен
залалдау);
4. Биологиялық тәсіл (ауру қоздырғыштарды таза күйінде алып, олармен
сау ӛсімдіктерді залалдап, ауру белгілерін (симптомаларын) анықтау,
қолдан залалданған ӛсімдіктерден ауру қоздырғышты қайтадан бӛліп алу);
5. Тетрациклин
тобына
жататын
антибиотиктерге
ауру
қоздырғыштардың реакциясы.
Микоплазмалық аурулардан қорғау шаралары.
1.
Инфекцияның жинақталатын орны (резерватор) болып табылатын
арам шӛптерді жою және тасымалдаушы насекомдармен (негізінен
цикадкалармен) күресу.
2.
Сау (таза) отырғызу материалдарын пайдалану.
3.
Тетрациклин тобына жататын антибиотиктерді пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: