21
Бұндай жолмен вирус, микоплазма және бактериялар қоздыратын аурулар
тарайды. Саңырауқұлақтардың бұл жолмен таралуы сирек кездеседі.
Кейбір фитопатогенді вирустар мен бактериялар қыс кезінде
насекомдар денесінде сақталады. Қыстан шыққан насекомдар неғұрлым
кӛп болса ӛсімдіктерді аурулардың залалдау
ықтималдығы да соғұрлым
артады.
2.2.4 Ауру қоздырғыштарының таралу жолдары
Жұқпалы аурулар негізгі таралу жолдары мынадай:
ауа ағысымен (желмен) –
анемохория;
сумен –
гидрохория;
жануарлар кӛмегімен –
зоохория;
адамдар кӛмегімен –
антропохория.
Ауа ағынымен негізінен саңырауқұлақтардың споралары тарайды.
Олар ауа ағынымен бірнеше километрге дейін биіктікке кӛтеріліп,
мыңдаған километр қашықтыққа дейін тасымалданады. Споралардың
инфекцияға (ауруды таратуға) қабілеттілігі олардың тіршілікке
қабілеттілігіне, сондай-ақ ауаның
температурасы мен ылғалдығына, күн
радиациясына және басқа да бірқатар факторларға байланысты. Мысалы,
дәнді дақылдардың сабақ татының жаздық споралары тіршілікке
қабілеттілігін ұзақ мерзім сақтайды, ал
картоптың фитофтороз ауруы
қоздырғышының
зооспорангийлері
тіршілікке
қабілеттілігін
тез
жоғалтады.
Фитопатогенді бактериялар ауа ағынына ӛсімдіктің залалданған
ұлпаларының ұсақ бӛлшектерімен енеді. Алайда олар ұзақ қашықтыққа
тасымалданбайды.
Ӛсімдіктерді суарғанда, жауын-шашынмен
саңырауқұлақтар мен
бактериялар қоздыратын аурулар тарайды – бірқатар ӛсімдіктердің
фузариозды солу ауруы, бактериоздар.
Насекомдар, кенелер, нематодалар, жабайы және үй жануарлары
вирус
және
бактериялдық
патогендерді
тасымалдайды.
Кейбір
фитопатогенді вирустар мен микоплазмалар үшін насекомдардың бойында
жетілуі биологиялық даму циклінің бір бӛлігі болып табылады.
Бактериялар насекомдар бойында немесе денесінің бетінде болуы мүмкін.
Мысалы, шыртылдақ қоңыз личинкалары – сымқұрттар ӛсімдік
ұлпаларымен
қоректеніп, картоптың бактериялар қоздыратын сақиналы
шірік және қара сирақ ауруларының қоздырғыштарын таратады.
Насекомдар саңырауқұлақ спораларын да таратады. Бұған қара
бидайдың қастауыш ауруының конидиялық
кезеңіндегі таралуы мысал
бола алады. Қастауыш конидиялары түзілген кезде масақша түйінінен «бал
шығы» деп аталатын тәтті сұйық шығады. Насекомдар осы сұйықпен
қоректеніп, үстіне спораларды жұқтырып алады,
сосын оларды қара
бидайдың басқа гүлдеріне таратады.
22
Ӛсімдік ауруларын адамдардың таратуы ӛсімдіктерді күтіп-баптау
кезінде болады. Сонымен қатар тұқыммен немесе ӛніммен бірге басқа
тараптарға таралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: