Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Вирус ауруларының диагностика тәсілдері



Pdf көрінісі
бет26/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.4 Вирус ауруларының диагностика тәсілдері 
Вирустарды және олар қоздыратын аурулар диагностикасының 
негізгі тәсілдері: 
1. кеселдің жұқпалы екенін анықтау; 
2. серологиялық әдіс; 
3. индикатор-ӛсімдік әдісі; 
4. электрондық микроскопия; 
5. люминесценттік талдау
6. анатомиялық тәсіл; 


30 
7. химиялық тәсіл. 
Кеселдің жҧқпалы екенін анықтау контактты-механикалық 
тәсілмен таралатын вирустарды ауру ӛсімдіктерден сау ӛсімдіктерге 
жеткізу. Ауру ӛсімдіктердің жапырақтарынан шырын дайындап, оны 
бармақпен, мақта тампонмен немесе мақта ораған шпательмен сау 
ӛсімдіктің жапырағына сіңіреді. Осылайша ауру жұқтырылған ӛсімдік 
изоляторға орналастырылып, бақылауға алынады. 
Ҧластыру – вирус инфекциясын тарату мақсатында ауру ӛсімдіктен 
алынған телінушіні сау ӛсімдікке телиді, немесе осыны керісінше істейді. 
Таратушы-насекомдар. Насекомдарды, олардың ішінде, мысалы, 
шабдалы бітесін белгілі бір уақыт бойына ауру ӛсімдікте ұстайды да, одан 
соң оларды сау ӛсімдікке жібереді. Басқалай жолмен залалданбас үшін 
ӛсімдік қатаң оқшаулануы қажет етеді. 
Ӛсімдіктерді бір жерден екінші жерге отырғызу. Бұл тәсіл 
аурудың вирустық табиғатын дәлелдеу немесе керісінше теріске шығару 
мақсатында қолданылады. Мысалы, ӛсімдік жапырақтарының сарғаю 
(хлороз) себебін анықтау мақсатында оны тазалығы белгілі топыраққа 
отырғызады. Егер ӛсімдік жапырақтарының сарғаюына топырақтың 
нашарлығы әсер еткен болса белгілі бір уақыттан соң ӛсімдіктердің 
жапырақтары қайтадан жасылданып шығады. Ал сарғаю себебі вирус 
болса – хлороз ӛзгермейді. 
Серологиялық тәсіл. Бактериялар, саңырауқұлақтар, және де 
ӛсімдіктер мен жануарлардың ақ уыздары сияқты вирустар да жылу қанды 
жануарлардың қанында ерекше түр-ӛзгеріске ұшыраған арнайы ақуыз-
антиденелердің жинақталуына себепкер болады. Олар тек сары-су
алынған 
антигендерге ғана әсер етеді. Антиденелер мен айрықша антиденелердің 
арасындағы реакция серологиялық реакция деп аталады (латынша serum – 
сары-су). 
Практикада М.С. Дудин мен Н.Н. Поповтың (1937) шығарған тамшы 
серологиялық тәсілі кең қолданылады. Тәсілдің мәні мынада: заттық 
шыныға 2 тамшы сыналатын шырын тамызылады. Олардың біріне 1-2 
тамшы белгілі бір вирусқа тән сары-су қосып, иммунитеті жоқ 
жануарлардан алынған 1-2 тамшы бақылау сары-суына қосылады. 
Шырынның тамшысы мен сарыуызды таза заттық шынының ұшымен 
араластырылады. Егер ӛсімдік шырынында сары-судағы антиденелерге 
сәйкес вирус болса тамшыда 1-3 минуттан соң мақта тәрізді тұнба – 
преципитат түзіледі (оң реакция). Ал егер шырында вирус болмаса тамшы 
бақылау сияқты ӛзгеріссіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет