29
вирустар олардың сілекейі арқылы тарайды.
Таратушы әдетте арнайы
насекомдар – цикадкалар, сирек – бітелер, трипсілер, кандалалар, кенелер.
Таралудың осындай жолын қалайтын вирустар персистентті немесе
циркулятивті деп аталады. Олардың қоздыратын аурулары сары аурулар
тобына жатады. Бұл вирустар қоздыратын аурулар – қызанақ күреңі,
асқабақ теңбілі, қызылша жапырағаның бүрісуі және басқалары.
Сол сияқты жартылай персистентті жолмен таралу жолы да бар.
Бұндай да насекомдардың инфекциялық қасиеті 10-100 сағат бойына
сақталуы мүмкін. Осы жолмен картоптың PMV,
Potato virus M және басқа
вирустар тарайды. ӛсімдік тамырларында паразитті тіршілік ететін
топырақ нематодалары бидайдың жолақты
мозаика ауруын қоздыратын
вирусты, жеміс-жидек дақылдарының бірқатар вирустарын тасымалдайды.
Сол сияқты вирустарды топырақ саңырауқұлақтарының тарататыны
туралы да мәліметтер бар: темекінің, қиярдың некроз ауруының
қоздырғыш
вирустары
Olpidium
brassicae
саңырауқұлағының
зооспораларымен тарайды, Картоптың
Potato virus X (PVX) картоптың рак
ауруының қоздырғышы
Synchytrium endobioticum кӛмегімен,
картоп
ұшының шашақтану вирусы (
monton) – парша ауруының қоздырғышының
(
Spongospora subterranca) кӛмегімен, дәнді дақылдардың бірқатар
вирустары және қызылшаның ризомания ауруының қоздырғышы
Polymixa
туысына жататын саңырауқұлақтармен таралады.
Тұқымы арқылы шамамен 20% аурулар тарайды. Бұл бұршақ
ауруларын қоздыратын вирустар (үрме бұршақ және май бұршақ
мозаикасы), қызынақ вирусы (TMV), қиярдың вирусы 2 (CGMMV).
Вирустардың тозаң арқылы тұқымға енуі тек бір азғантай вирустарға ғана
қатысты дәлелденді.
Ортаның қолайсыз жағдайлары (температура,
ылғалдылық және
басқалары) ӛсімдіктерді әлсіретіп, олардың бойындағы вирустардың
кӛбеюі дәрежесін күшейтіп, зиянын арттырады. Жоғары температура
картоптың кӛпшілік вирус ауруларын,
оның ішінде картоптың сары
ергежейлік ауруының артуына ықпал етеді. Ал таңкурай теңбілі ауруы
керісінше тӛменгі температура жағдайында (күзде) артады. Қолайсыз
факторлар қатарына сол сияқты тыңайтқыштарды есепсіз шашу да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: