34
4-тарау. Б А К Т Е Р И Я Л А Р
Бактериялар – прокариоттар қатарына жататын бір клеткалы ағзалар.
Ӛсімдіктердің бойында тӛрт жүзге тарта гетеротрофты ағзалар паразиттік
тіршілік етеді, олардың тек бірнеше ондаған түрлері ғана ауыл
шаруашылық дақылдарын залалдайды. Фитопатогенді бактериялардың
ішінде облигатты паразиттер жоқ.
Ауыл
шаруашылық
дақылдарының
ауруын
қоздыратын
бактериялардың барлығының дерлік пішіні таяқша тәрізді болады. Олар
кӛбіне бойында полярлы орналасқан талшықтарының кӛмегімен
қозғалғыш келеді. Дегенмен де қозғалмайтын да түрлері кездеседі.
Клеткасының ұзындығы 1-3 мкм, ені – 0,3-0,6 мкм. Бактерия клеткасы –
сыртынан кӛп қабатты қатты қабықшамен жабылған цитоплазмадан
тұрады. Бірқатар бактериялардың
қабықшасының сыртында жұқа
шырышты қабаты болады. Бұл қабат ісініп, сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан қорғайтын желе тәрізді капсула түзеді. Басқа прокариоттар
сияқты бактериялардың оқшауланған ядросы болмайды, тек ДНК-дан
тұратын ядролық заты (нуклеотид) болады.
Бактериялар ферменттердің әсерінен сіңірілетін күйге еніп,
клетка
қабықшасы арқылы сіңірілген ӛсімдіктердің органикалық заттарымен
қоректенеді.
Бактериялардың дені аналық клеткалардың қарапайым екіге бӛлінуі
арқылы кӛбейеді, кейбіреулері – бүршіктеніп те кӛбейеді. Бактериялар
тіршілігіне қажетті ең тӛменгі температура (
minimum) – 5-10
о
С, оңтайлы
(
optimum) – 25-30
o
С, ал 33-40
о
С деңгейіндегі температура кӛпшілік
бактериялардың тіршілігін тоқтатады. Бактериялардың қалыпты жетілуі
үшін
орта реакциясы бейтарап, немесе шамалы сілтілі болуы қажет.
Фитопатогенді бактериялардың кӛбі – аэробты, барлығы дерлік грамтеріс
(Грам бойынша бояғанда бояуды тұтпайды).
Бактериялар ӛсімдік бойына табиғи саңылаулар: леп тесігі, су
саңылаулары – гидатодалар, қабық жасымықшалары, гүлдері арқылы,
немесе ұлпа жарақаттары арқылы енеді. Ауа ылғалдылығының жоғары
болуы, ылғал ӛсімдік бетінде сұйық тамшы күйінде
болуы және орта
температурасы 20-30
о
С деңгейінде ыссылық болуы бактериялардың
ӛсімдіктерді залалдауы үшін тиімді жағдай болып табылады.
Кӛлемі ұсақ болғандықтан бактериялар ӛсімдіктердің түтікті жүйесі
арқылы тез тарап, тұқымына да енуі мүмкін. Ауа-райы ылғалды болғанда
некроздардан (бактериялар залалдаған дақтардан) құрамында кӛптеген
бактерия клеткалары бар экссудат (сұйық зат) бӛлінеді. Бір ӛсімдіктен
екіншісіне олар су тамшысымен (жаңбыр жауғанда), насекомдар
кӛмегімен, адамдар әрекетімен тарайды. Ал жақын жердегі ӛсімдіктерге
ауамен де таралуы мүкін.
35
Фитопатогенді бактериялар негізінен ӛсімдік қалдықтарымен бірге
топырақ бойында, немесе бетінде сақталады. Топырақта тек спора түзгіш
бактериялардың біразы ғана патогендік қасиетін жоғалтпайды:
Bacillus
туысына жататын бактериялар (мысалы, жеміс ағаштарының рак
ауруының
қоздырғышы Agrobacterium tumefaciens бактериясы). Сонымен
қатар тұқымдар (бактериялар олардың бетінде болады) және бойында
бактериялар латентті күйде сақталатын тұқымдық материалдар да ауру
тарататын инфекция кӛзі болуы мүмкін.
Кейбір бактериялар
насекомдардың бойында сақталып, таралады.
Бактериоздың 2 типі болады:
диффуздық және
локалды
(оқшауланған).
Диффузды ауру жағдайында ауру қоздырғыштар түтікті
жүйенің бойында кӛбейіп, ӛткізгіш түтіктерді бітейді де, ӛзінің
токсиндерімен (уытты заттарымен) ӛсімдіктерді улайды.
Локалды немесе
жергілікті
бактериоздар
жағдайында
бактериялар
паренхималық
ұлпаларды жарақаттап, клетка аралық заттарды және клеткалардың ӛздерін
ыдыратады.
Бактериялық ауруларға тән жиі кездесетін белгілер (ауру
симптомалары): солу, некроздар, дымқыл шіріктер, ісіктер, хлороздар.
Солу – ӛсімдік немесе оның жеке мүшелері тургорлық қасиетін
жоғалтып, кейін тұтас немесе жеке мүшелерінің ӛлуі. Осының салдарынан
су мен қоректік заттар тасымалданатын түтікшелердің бітеледі. Бұл
кеселдің ең кӛрнекті мысалдарының бірі – картоптың сақиналы шірігі.
Некроз кезінде жапырақ бетінде алғашында суланған тәрізді дақтар
пайда болады. Кейін бұл дақтар
қоңырайып немесе қарайып, ұлпалары
ӛледі. Егер ауа ылғалдығы тӛмен болса некроздық дақтар кеуіп, үгітіліп
жапырақтардың бойында тесіктер пайда болады. Ал ылғалдылық жоғары
болса некроздық ұлпалардан экссудат бӛлініп шығады. Ӛсімдіктің жер
бетіндегі басқа мүшелерінің бетінде хлоропластары ыдырау себебінен
хлороздық дақтар пайда болады.
Бактериялар шырынды, кӛмірсуларға бай паренхималық ұлпалардың
бойында (түйнектерде, тамыржемістерінде,
шырынды жемістерде және
ӛсімдік сабақтарында) паразиттік тіршілік етуі олардың бойында
дымқыл
Достарыңызбен бөлісу: