Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет27/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Индикатор-ӛсімдіктер тәсілі. Залалдау мақсатында жас, қарқынды 
ӛсіп тұрған 3-4 жапырақ кезеңіндегі ӛсімдіктер алынады. Бұл ӛсімдіктер 
белгілі бір вирустарға ғана рекация берулері қажет. Ол үшін индикатор 
ӛсімдіктің жапырағын ауруға шалдыққан (зерттеліп жатқан) ӛсімдіктен 
алынған шырынмен сүртеді.


31 
Бұл тәсіл ӛте күрделі, алайда дәлдігі жоғары. Орынды, материалды 
үнемдеу мақсатында тұтас ӛсімдікті емес, оның жапырақтарын алып
Петри шынысына салып та сынауға болады. 
Электрондық микроскопия тәсілі. Электрондық микроскоп 
вирустардың тек пішіні мен құрылысын ғана емес, сонымен қатар 
мӛлшерін де анықтауға мүмкіндік береді. 
Вирустық қосындылар тәсілі. Бірқатар жағдайларда вирус 
бӛлшектерінің клеткадағы дамуы оның бойында ерекше түзілімдердің 
түзіліуімен қатар жүреді (вирустық қосындылар). Бұл вирус бӛлшектерінің 
жиынтығы (кристалдар мен паракристалдар) немесе қарапайым вирус 
бӛлшектері мен клетканың аморфты заттарынан тұратын түзілімдер болуы 
мүмкін. Вирустың әр түріне ӛз вирус қосындылары тән болады. Мысалы, 
темекі теңбілі вирустарына клеткаларда түзілетін ине тәрізді және 
гексагоналды кристалдар тән болса, картоптың Х-вирусына және бидай 
теңбілінің вирусына сфера пішінді аморфты денелер тән. Клетка іші 
вирустық қосындылар негізінен қыл немесе жапырақ эпидермисі 
клеткаларында түзіледі. Оларды қарапайым биологиялық микроскоп 
кӛмегімен кӛруге болады. 
Диагностиканың химиялық тәсілі қиярдың жасыл және ақ 
теңбілін, картоптың жапырақ ширатпасының вирусын және басқаларын 
анықтау үшін қолданылды. 
 
3.5 Вирус ауруларынан қорғау шаралары 
Вирус ауруларына қарсы қорғау шаралары дақылдардың және ауру 
қоздырғыш вирустың ерекшеліктерін ескере отырып жасақталады. 
Кешенді қорғау шаралары профилактикалық және алдын алу шараларынан 
тұрады. Бұлардың ішінде белгілі бір вирустарға тӛзімді (иммунды) қасиеті 
бар сорттарды шығару жетекші роль атқарады. Вирустың туыс түрлерінің 
немесе 
штаммларының 
интерференциясын 
(ӛзара 
сәйкессіздігін) 
пайдалану перспективалық бағыт болып табылады. Вирустың әлсіз 
штаммдарымен қолдан залалданған ӛсімдіктер сол вирустың агрессивтік 
штаммдарына тӛзімді болып келеді. Аурулардан таза, сау тұқымдық 
немесе отырғызу материалдарын алу үшін тұқымдық учаскелерді вирусқа 
қарсы тазарту шараларын жүргізеді. Бұл үшін тұқымдық учаскедегі жай 
кӛзге байқалған және серологиялық тәсілмен анықталған вирус ауруының 
белгілері бар барлық ӛсімдіктер жұлынып алынады. 
Аурулардан таза, сау ӛсімдіктерді ӛсіру үшін агротехникалық 
шаралардың, ӛсімдіктердің ӛсу жағдайларының: себу мерзімінің, 
ӛсімдіктердің 
жиілігінің, 
тыңайтқыштардың, 
егістікте 
вирус 
инфекциясының жинақталып, сақталатын орны – арам шӛптерді жоюдың, 
вирустарды тасымалдаушы – насекомдармен күресудің маңызы ӛте зор. 
Вирус ауруларына қарсы химиялық тәсіл сирек қолданылады, себебі 
вирустар әдетте тірі клеткалардың бойында болатындықтан вирустың 


32 
тіршілігін тоқтатуға қабілетті заттар клеткалардың ӛздеріне де уытты 
болып келеді. Темекі мозаикасы мен қызанақ жапырағының күреңдлігі 
ауруларының вирустарына қарсы кейбір антибиотиктердің (иманин, 
аренарин т.б.) тиімділігі анықталды. 
Вирустардың тіршілігіне металдар тұздары мен органикалық 
қышқылдардың әсері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет