Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет30/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

шіріктердің пайда болуына соқтырады. Бактериялардың бойынан бӛлініп 
шыққан ферменттер клетка аралық заттарды ыдыратып, ұлпаны иісті ботқа 
тәрізді массаға айналдырады. 
Ісіктер (ӛсінділер) залалдалған меристема 
ұлпасының клеткаларының қарқынды бӛлінуінің 
нәтижесінде түзіледі. Бұл кӛп тарамаған ауру 
белгісі 
қызылша 
тамырының 
туберкулез 
ауруында, жеміс ағаштары сабағының рак 
ауруында кездеседі.
3-сурет. Қырыққабаттың тҥтікті бактериозы (Xanthomonas campestris) 


36 
Кей жағдайларда бактериоз белгілері аралас болады. Мысалы, 
картоптың қара сирақ ауруының қоздырғышы Erwinia caratovora var. 
Caratovora ӛсімдік сабағын солдыруымен қатар түйнектерін де шірітеді. 
Түйнектердің шіруі сақтаған кезде де жалғасады. 
Ӛсімдіктердің ауруларын дәл анықтау (диагностика) үшін сырт 
кӛзбен қараумен қатар залалдалған ұлпаны микроскоп кӛмегімен де қарау 
қажет. Жаңадан жасалған кесінділерде бактерия клеткалары жақсы 
кӛрінеді. Қажеттілігі болса сатылы диагностика жүргізеді: залалдалған 
клеткалардан бактерияларды жасанды қоректік ортаға бӛліп алып, сау 
ӛсімдіктерді залалдайды. Осыдан соң залалданған ӛсімдіктерден қайтадан 
қоректік ортаға бактерияларды бӛліп алады. Бұл әдіс Кох ережесі немесе 
Кох триадасы деп аталады. Сонымен қатар серологиялық әдіс те 
қолданылады. 
4.1 Бактерияларды жіктеу
Бүгінгі күнгі номенклатура бойынша барлық фитопатогенді 
бактерияларды жиынтық топтарға біріктіріп қарастырады. Олар кезегінде 
түршелерге (subsp.) немесе патотиптерге (pv.) бӛлінеді. Түрше немесе 
патотип дегеніміз ортақ патогендік белгісі бар бактериялар популяциясы. 
Бактерияларды анықтау немесе идентификациялау олардың пішіні, 
мӛлшері, талшықтарының орналасуы, капсуласының болуы, Грам тәсілі 
бойынша боялуы және басқа да белгілер бойынша жүргізіледі. 
Фитопатогенді бактериялар үш топтар жігіне ажыратылады: 
1. Грамтеріс 
аэробты таяқшалар – Pseudomonas, Xantomonas, 
Agrobacterium туыстары. Бұл бактериялар қозғалғыш. Pseudomonas 
бактерияларының бір немесе бірнеше қарама-қарсы орналасқан 
талшықтары бар. Олар дақ және солу ауруын тудырады (мысалы, үрме 
бұршақтың бактериоз ауруының қоздырғышы Pseudomonas syringae pv. 
phaseolicola). Xanthomonas бактериясының бір полярлы талшығы болады 
(қырыққабаттың түтікше бактериозының қоздырғышы Xanthomonas 
campestris pv. Campestris). Agrobacterium туысының бактериялары 
перитрихалды 1-4 талшықтары болады. Бұл бактериялар ӛте қозғалғыш, 
топырақта тіршілік етеді, циста түзеді, ӛсімдік тамырларында ісік түзеді 
(қызылша тамыр жемісінің бактериалдық рак ауруының қоздырғышы 
Agrobacterium tumefaciens). 
2. Грамтеріс факультативті аэробты таяқшаларға жататын Erwinia 
туысына жататын бактериялар. Олар некроз және дымқыл шірік ауруларын 
қоздырады. Олардың ішінде ең кең тарағаны – картоп түйнегінің дымқыл 
шірігінің қоздырғышы. 
3. Грамоң және қозғалмайтын тамырформды бактериялар. Олар 
Clavibacter туысына жатады. Бұл бактериялар ӛсімдіктердің солуын 


37 
тудырады. Мысалы, картоптың сақиналы шірігінің қоздырғышы 
Clavibacter michiganense subsp. Sepedonicum


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет