79
аталған ӛсімдік мүшелерінде қара күйе қапшықтары, түйіршіктер, iciктep
мен бұлтықтар, жолақтар және басқа да ауру белгілері түзіледі.
Қара күйе ауруларының телиоспоралары – саңырауқұлактың
тыныштық кезеңіндегі тіршілік формасы. Саңырауқұлақ телиоспоралары –
негізгі инфекция тарату кӛзі.
Олар тұқымдардың бойында, ӛсімдік
қалдықтарында және топырақта сақталады. Қара күйе ауруы
қоздырғышының кей түрлері жіпше түрінде дәнектердің бойында
қыстайды.
Қара күйе ауруының қоздырғыштары
вегетация бойына бір ғана
ұрпақ беріп, патологиялық үрдіс әрдайым телиоспора түзілуімен
аяқталады. Телиоспоралар базидия мен базидиоспораларға ӛніп, ал
соңғысы жұптасып косылып, ӛсімдіктерді залалдайтын инфекциялық
жіпше түзеді.
Астық дақылдарының әр туысын қара күйе
ауруын қоздыратын
саңырауқұлақтардың 3-5 түрі залалдайды. Мысалы, бидайдың – 5 (қатты,
тозаңды, сабақ, ергежейлі, үнді); қара бидайдың – 3 (тозаңды, қатты,
сабақ); арпаның – 3 (тозаңды, тас, жалған тозаңды); сұлының – 2 (тозаңды,
қатты); тарының – 2 (кәдімгі, майда споралы); жүгерінің – 2 (тозаңды,
кӛпіршік) түрлері кездеседі.
Қара күйе аурулары астық дакылдарының ӛнімін едәуір тӛмендетіп
жібереді. Мысалы, кесел егістікте 0,5-1% деңгейінде таралғанда,
дақыл
ӛнімі 6-12%-ға, ал ауру жаппай таралса – ӛнім шығымы 30-40 % кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: