87
күйе ауруы республикада кең тараған, бipaқ патогеннің жетілуіне ауа
райының
қолайлылығына
байланысты
республиканың
солтүстік
аймақтарында оның зияны ӛте жоғары.
20-сурет. Арпаның тозаңды қара күйесі
Кеселдің бeлгici ӛсімдіктің сабақтану немесе гүлдеу кезеңінің
басында білінеді. Залалданған масақ жапырақ
қынабынан шыққан кезде
мӛлдір қабықшамен кӛмкерілген қара споралар массасы кӛрінеді. Кейін
қабық аршылып, споралар шашылып, аналық аузына түсіп, қысқа
базидияға ӛнеді де одан ұрыққа енетін жіпше дамиды. Тынышталған
жіпше ұрықта сақталып, сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды.
Себілген тұқым ӛнгенде саңырауқұлақ
жіпшесі де жетіліп, ӛсімдіктің
барлық мүшелеріне тарап, ӛсу нүктесіне жетеді. Масақ түзіле бастаған
кезде саңырауқұлаққа ӛте қолайлы жағдай туып, ол қарқынды жетіліп,
масақтың ӛзегінен басқа барлық бӛліктерін бұзады.
Ауру қоздырғышы –
Ustilago nuda Kell. et Swing. саңырауқұлағы.
Телиоспоралары
шар тәрізді немесе бұрышты, майда, қабығы тікенді
болып келеді. Tүci ашық қоңыр, кейде сарғыш-қоңыр (зәйтун түсті),
диаметрі 4,5-6,5 мкм. Телиоспорадан ӛнген базидияда базидиоспоралар
түзілмей, бірден жіпшумақ жетіледі. Кеселдің дамуына қолайлы жағдай:
температура – 20-25°С, ауа ылғалдылығы – 60-80%.
Инфекция қоры – залалданған тұқым және ӛсімдік қалдықтары.
Кеселге шалдыққан ӛсімдіктің ӛсуі тежеліп, ӛнімі күрт тӛмендейді.
88
Арпаның тасты қара кҥйесі. Арпаның тасты қара күйе
ауруы
республиканың арпа егетін барлық аймақтарында
да кездеседі (21-сурет).
Кеселдің
белгісі
масақтану
кезеңінде
білінеді, масақ пішінін сақтайды, алайда сырт
кӛзге үш тісті болып кӛрінеді.
Залалданған
ӛсімдіктің масағында дәннің орнына жұқа
қабықпен кӛмкерілген қатты қара күйе түйірлері
түзіледі, сондықтан оны қатты немесе тас қара
күйе деп атайды.
Ауру қоздырғышы –
Ustilago hordei Kell. et
Swing.
саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар
тәрізді,
кейде бұрьппты, ашық-қоңыр немесе
зәэйтүн түсті, Сыртындағы қабығы – тeгic,
диаметрі 5,5-7,5 мкм.
Егінді жинаған кезде телиоспоралар дән
бетіне жұғады. Себілген тұқым топырақта ӛне
бастағанда телиоспоралар да тӛрт клеткалы
базидияға ӛніп,
қысқа стеригмада орналасқан
сопақша базидиоспоралар түзіледі. Бұл споралар
алғашқы жіпшеге ӛніп, инфекциялық жіпшеге
айналады да, жас ӛскінді залалдайды. Саңырақұлақ
ӛсімдіктің барлық мүшелеріне таралғанымен де
тек масақты ғана зақымдайды.
21-сурет. Арпаның тасты
қара ауруы
Қоздырғыштың дамып-жетілуіне қажетті қолайлы жағдай –
температура 20°С, ылғалдылық 60-70%. Қатта қара күйе зардабынан
тұқымның ӛнгіштігі кеміп, ӛнімнің түсімі 10-15% тӛмендейді.
Кӛптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша жемдік арпаның
құрамында 0,4% қара күйемен залалданған дәндер болса сиырлардың
жүрегінің қабынуы, ақсауы, сүт беруінің кемуі т.б. ӛзгерістері, ал
қойлардың уланып ӛлуі байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: