94
Ауру қоздырғышы –
Urocystis occulta Rab. саңырауқұлағы (26-сурет).
Телиоспора түйіршіктерінің пішіні шар немесе эллипс тәрізді, диаметрі 15-
40 мкм ортасында 1-2, кейде диаметрі 10-18 мкм. Олардың айналасында
жартылай
шар тәрізді, басылған, түсі ашық-қоңыр
бірнеше клеткалар
орналасады. Телиоспоралар тыныштық кӛзеңнен ӛтпестен цилиндр
тәрізді базидияға ӛніп, оның ұшында 4-16 базидиоспоралар түзеді.
Базидиоспоралардан ӛнген
жіпшелер бip-бipiмeн қосылып, ӛсімдікті
залалдайтын диплоидты жіпшумаққа айналады. Ӛсімдіктің залалдануы
тұқымның ӛcкiнi пайда болғаннан бастап бірінші жапырақ түзілгенге
дейін ӛтеді. Аурудың жетілуіне қолайлы жағдай: жылу – 13,5-20°С,
топырақ ылғалдылығы – 25-40%, ал ылғалдылық 70%-ға
дейін артқанда
инфекцияның дамуы тоқталады.
Кеселдің инфекция қоры топырақта және тұқымның бойында
сақталады. Топырақтағы телиоспоралардың
тіршілікке қабілеті бір
жылдан аспайды. Кеселдің зияндылық дәрежесі оның таралуына сәйкес
болады.
Жҥгерінің тозаңды қара кҥйесі. Жүгерінің тозаңды қара күйе
ауруы (27-сурет) республиканың оңтүстік-шығыс,
батыс және шығыс
облыстарында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: