Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет64/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Бидайдың қатты қара кҥйесі. Бұл кесел республиканың барлық 
ӛңірінде кездеседі, әcipece еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс 
облыстарында жаздық бидайды қатты залалдап, дақылдың ӛнімділігі мен 
ӛнім сапасын тӛмендетеді. 
Аурудың алғашқы белгісі дәннің сүттеніп пісе бастаған кезінде 
байқалады. Залалданған масақтар түсі кӛкшіл реңді жасыл түске енеді. 
Дамып келе жатқан ауру қоздырғышының қысымымен масақша қауызы 
біраз ашылыңқырап тұрады да, масақ бойындағы масақшалар 
шалқайыңқырап орналасады, мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып 
кӛрінеді (14-сурет). Осындай залалданған дәнді жаншыса, одан «сүт» 
орнына сұрғылт реңді триметиламин иісті (консервленген шабақ 
тұздығының иісі) сұйық шығады. Осы иісіне бола қатты қара күйе ауруын 
«сасық қара күйе» деп те атайды. Толық пісу мезетіне қарай түсі бойынша 
ауру және сау масақтар арасындағы айырмашылық түгел дерлік 
жойылады. Ауру масақта дән орнына «қара күйе сорустары» деп аталатын 
пішіні дӛңгелек қара түзілім пайда болады. Олар оңай жаншылады және 
қара масса түзетін кӛптеген ұсақ споралар – телиоспоралардан тұрады. 
Қара күйе сорустары дәнге қарағанда әлдеқайда жеңіл, сондықтан кесел 
шалған масақтар балауызданып және толық пісу кезінде де иілмей тік 
тұрады. 


80 
14-сурет. Бидайдың қатта қара кҥйесі
(Tilletia caries Tul.,  Т. laevis Kuehn) 
 
 
15-сурет. Бидайдың қара кҥйе ауру тҥрлеінің қоздырғыштарының 
телиоспоралары: 
1 – қатты қара күйе (а - Tilletia caries=T. tritici, б - Т. laevis), в - T. triticoides,
г - T. intermedia), 3 – ергежейлі қара күйе, 4 – сабақ қара күйесі, 5 – үнді 
қара күйесі 


81 
Қатты қара күйе қоздырғыштары – Tilletia туысына жататын, ӛзара 
бір-бірінен тек телиоспораларының морфологиялық ерекшеліктері 
бойынша ғана ажыратуға болатын, саңырауқұлақтар. Олардың ішінде 
жиірек кездесетін түрлері T. caries Tul. (=T. tritici Wint.) және Т. laevis 
Kuehn (=T. foetida). Олармен қатар сирек болса да T.triticoides Savul. және 
T. intermedia Gassner түрлері де кездеседі (14-сурет). Қазақстан 
территориясында алғашқы екі түрі кездеседі: республиканың оңтүстік 
ӛңірінде T.caries санырауқұлағы кең таралған, ал Т. laevis – солтүстік 
облыстарда кездеседі. Ауру қоздырғыш телиоспоралары бip-бipiнeн 
морфологиялық 
ерекшеліктері 
бойынша 
ажыратылады. 
T.caries 
саңырауқұлағының споралары шар тәрізді, қауызы торлы, түсі ашық 
немесе қара-қоңыр, диаметрі 14-25 мкм. Т. levis саңырауқұлағының 
споралары бұрыс пішінді, қауызы тегіс, қара қоңыр түсті, диаметpi 15-23 
мкм.
Егінді ору, әсіресе бастыру кезінде залалданған дәндер оңай 
жарылып, нәтижесінде телиоспоралар шашылып, сау дәндердің бетіне 
түседі. Споралардың кӛбін әсіресе дәнек айдары тұтып қалады. Сепкен 
кезде тұқымдармен бipгe топыраққа түскен телиоспоралар кӛктеп түтікше 
тәрізді базидия түзеді, одан бүршіктеніп 4-12 базидиоспоралар түзіледі. 
Соңғылары бip-бipімeн қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, ӛскінді 
залалдайды. Жіпшумақ ӛсімдік бойымен диффузды таралып, ӛсу конусына 
жетіп, ӛсімдіктің жапырақтарына, сабақтарына және масақтарына тарайды. 
Алайда сырт кӛзге залалданған ӛсімдіктің сау ӛсімдіктен айырмашылығы 
байқалмайды. Тек дән түзу кезеңінде жіпшумақ қарқынды ӛсіп, дәннің 
орнына телиоспоралардың қара түсті споралы массасы түзіледі. Дәннің тек 
сыртқы қауызы ғана ыдырамаған күйінде сақталады.
Бидайдың бұл қоздырғышпен залалдануы алғы дақылы қатты қара 
күйе кеселіне ұшыраған бидай болса, топыраққа түскен телиоспоралары 
арқылы жүруі де мүмкін. Алайда топырақта қатты қара күйе 
телиоспоралары ұзақ сақталмайды. Топыраққа түскеннен соң споралар тез 
кӛктеп шығады да, топырақ микроағзаларының әрекетінен ұзақ сақталмай 
2-3 апта ішінде ӛледі. Сондықтан жаздық бидайдан соң күздік бидайдың 
себу мерзімін таңдағанда осыны естен шығармаған жӛн. 
Тұқымның бұл дертке шалдығуының тағы бір жолы – қолданыста 
болған техникалық құралдар (сепкіштер) мен құрал-саймандар (қаптар, 
күректер т.б.) да болуы мүмкін.
Дақылдың бұл қоздырғышпен залалдану қарқындылығы топырақ 
температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Телиоспоралардың ӛсіп-
ӛнуіне ең қолайлы жағдай – топырақтың салыстырмалы ылғалдылығы 40 
%, температура деңгейі 10-15°С. Сондықтан да күздік бидайды тым кеш, 
ал жаздық бидайды тым ерте себу олардың қара күйе ауруына шалдығуына 
ықпал етеді. Тұқымның себу тереңдігін дұрыс сақтамауда дақылдың 
ауруға тӛзімділігін тӛмендетеді. 


82 
Қара күйе кеселімен залалдануы нәтижесінде ӛсімдіктің суыққа 
тӛзімділігі тӛмендейді, егістік сиреп, масақта дән орнына қара күйе 
қалташықтары түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет