Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Арпаның жалған тозаңды қара кҥйесі



Pdf көрінісі
бет69/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Арпаның жалған тозаңды қара кҥйесі. Арпаның жалған тозаңды 
қара күйе ауруы Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс облыстарында 
кездеседі (22-сурет). 


89 
 
21-сурет.  Арпаның жалған тозаңды қара күйесі 
ХХ 
ғасырдың 
30-шы 
жылдарының 
басындаамерикандық 
фитопатолог В. Тапке арпаны қара күйенің екі түрі залалдайтынын 
анықтады. Бұл екі кесел ӛсімдіктерді залалдауына қарай бір-бірінен айқын 
ажыратылады. Кәдімгі тозаңды қара күйе ауруының қоздырғышы – 
Ustilago nuda ӛсімдіктің гүлдерін заладап, жатынына енетіні белгілі. 1932 
жылы В. Тапке, тасты қара күйе сияқты арпа тұқымын ӛну кезеңінде 
залалдайтын басқа саңырауқұлақты тауып, оны U. nigra, деп атады. 
Кеселдің сыртқы белгілері бидайдың тозаңды қара күйе ауруының 
белгілеріне ұқсас болады, ал ауру қоздырғыш саңырауқұлақтың 
биологиясы арпаның қатты (тас) қара күйе дертінің қоздырғышының 
биологиясына ұқсас. 
Ауру қоздырғышы – Ustilago nigra Tapke. саңырауқұлағы. 
Телиоспоралары шар тәрізді, диаметрі 6-8,5 мкм, түci дара күйінде ақшыл-
қоңыр, ал жиынтығы – қара, қауызы – тікенді. Телиоспоралар тӛрт 
базидиоспоралы базидияға ӛнеді. Олар бүршіктеніп кӛбейіп, инфекциялық 
жіпшеге айналып, жас ӛскінді залалдайды. 


90 
Ауру белгісі арпаның масақтану кезеңінде айқындалады. Дертке 
шалдыққан масақтың ӛзегінен басқа барлық бӛлігі ыдырап түгел 
телиоспораға айналады. 
Сҧлының тозаңды қара кҥйесі (23-сурет). Сұлының тозаңды қара 
күйесі Қазақстан территориясында кең таралған, дегенменде кейбір 
аймақта ерекше айтарлықтай залал келтіреді.
23-сурет. Сұлының тозаңды қара күйесі 
Дерттің белгілері алғаш сұлы дақылы шашақ байлаған кезеңде 
байқалады. Саңырауқұлақ залалдаған ӛсімдік шашағының гүлдің 
сағағынан басқа бӛліктері зәйтүн-қара түсті телиоспора массасына 
айналады. Шашақтың жоғарғы бӛлігі кейде ауруға шалдықпайды. 
Ауру қоздырғышы – Ustilago avena Jens. саңырауқұлағы. 
Телиоспоралары шар тәрізді, немесе сопақша, бұрыс пішінді, кӛлемі 5-9 х 
4,5-9 мкм, түci ашық-қоңыр, қабығыньң бip жағы ашық түсті, ұсақ тікенді 


91 
немесе тeгic. Споралар тыныштық кезеңінен ӛтпей бірден, 5-35°С 
(қолайлысы – 25°С) температура аралығында ӛнеді. 
Ustilago avena Jens. саңырауқұлағының екі формасы белгілі: тозаңды 
(телиоспоралары еркін таралады) және қатты (телиоспоралары алғашында 
бірігіп, кейін ыдырайды). Телиоспоралар сұлының гүліне түсіп, тӛрт 
клеткалы базидияға ӛнеді де, одан тӛрт базидиоспора түзіледі. Соңғы 
споралар бүршіктеніп кӛптеген споридияға айналады. Споридиялар кейде 
базидиоспораларға қосылып, инфекция тарататын жіпшеге ӛнеді. 
Осылайша пайда болған саңырауқұлақ жіпшесі дәннің қауызы арқылы 
перикарпийге енеді де геммаға ыдырап, себу мерзіміне дейін сақталады. 
Егін жинаған кезде телиоспоралар дәнектің қауызының үстіне немесе 
астына орнығып, қыстап шығады. 
Кӛктемде инфекциямен ӛсімдіктің залалдануы екі жолмен жүреді. 
Біріншісі – тұқымның бетіндегі немесе қауызының астындағы 
телиоспоралар базидияға ӛніп, базидиоспоралар түзеді. Олар жіпшеге ӛніп, 
қос-қостан қосылып диплоидты жіпше түзеді. Бұл жіпше дақылдың ӛскінін 
залалдайды. Ерте залалданған ӛскін кӛп зардап шегеді. Әйтсе де биіктігі 3 
см жоғары ӛскіндер залалданбайды. Екіншісі бойынша – дән қауызы 
астында қыстап шыққан геммалар инфекция қоры болып табылады. 
Себілген тұқым ӛне бастаған кезде геммалар да ӛніп, жаңа жіпшумақ түзіп, 
олар ӛскінді залалдайды. Екі жағдайда да саңырауқұлақ жіпшумақтары 
ӛсімдік бойында диффузды таралып, есу нүктесіне жетеді де, шашақтану 
кезеңінде саңырауқұлақ қарқынды жетіліп, шашақты ыдыратып, қара 
спора массасына айналадырады. Инфекция қоры – залалданған тұқымдағы 
геммалар мен тұқымның бетінде және тұқым қауызының астында 
сақталатын телиоспоралар. 
Кеш 
себілген 
егістікте 
ауру 
қарқынды 
дамиды. 
Топырақ 
температурасы 16-19°С-қа дейін қызған 
кезде саңырауқұлақ геммалары ӛніп, 
сұлы ӛскініне ене бастайды. Кей 
жылдары 
кесел 
дақыл 
ӛнімін 
айтарлықтай тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет