Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Бидайдың ергежейлі қара кҥйе



Pdf көрінісі
бет67/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
18-сурет. Бидайдың ергежейлі қара кҥйе 
ауруы: 1 – кесел шалған ӛсімдік; 2 - 
ӛсімдіктің дертті масағы; 3 – саңырауқұлақ 
телиоспоралары 
Ергежейлі қара кҥйе. Бұл кесел 
республиканың оңтүстік шығысындағы 
таулы аудандарында бидай егістігін 
залалдайды. Кесел кебіне теңіз деңгейінен 
1000 м биіктіктегі құрғақ, тығыз топырақта 
шоғырланып кездеседі (18-сурет). 
Залалданған ӛсімдіктер шамадан тыс 
түптеніп, кӛптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. 
Дертке шалдыққан ӛсімдіктер сауларына 
қарағанда 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл 
қысқалау, пішіні ӛзгеріп, бұратылып келеді. Үрпиген масақшалардағы 
тығыз, қатты, қара күйелі дәндері масақга терең орнығып, кейде жапырақ 
пішінді екі қосымшалары болады. 
Ауру қоздырғышы – Tilletia controversa Кuehn. саңырауқұлағы. 
Телиоспоралары шар тәрізді, қабығының бетінде торлы суреті бар
сыртында түссіз шырышты қабаты бар, диаметрі 19-28 мкм (19-сурет). 
Жеке телиоспорасының түci қара-қоңыр, ал жиынтығы қарайып кӛрінеді. 
Телиоспоралар топырақта 9 жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ 
телиоспоралары жарығы мен ауасы жеткілікті, ылғалдылығы жоғары 
топырақтың беткі қабатында тӛменгі температурада (2-15°С) ӛне бастап, 
бидай ӛскінін залалдайды. Сондықтан тұқым тайыз себілсе ӛсімдік қатты 
залалданады. Телиоспоралар тұқымда, ӛсімдік қалдықгарында, топырақта, 
бидайық тамырларында сақгалады. 
Бидай ӛсімдігі бұл дертпен әдетте 3-8%, ал кей жылдары 20-25%-ға 
дейін залалданады. Ергежейлі қара күйе күздік бидайдың аса зиянды 
ауруларының 6ipi болып табылады. 
Бидайдың ҥнді қара кҥйесі. Үнді қара күйесі Үндістан, Пәкістан, 
Бирма елдерінде кең таралған, ал Қазақстанда бұл кесел сыртқы карантин 
нысандарының қатарына жатады (19-сурет). 


86 
19-сурет. Бидайдың үнді қара күйесі: 1 – кесел шалған бидай масағы
2 – саңырауқұлақ телиоспоралары 
Кеселдің ерекшелігі – масақ тұтас залалданбай, кӛбіне дәнектің 
жырашығы немесе ұрық бӛлігі залалданып, күйе телиоспоралары қара 
массаға айналады. Залалданған дәнектерден шіріген балық иісі шығады. 
Кесел шалған тұқым ұрығы кейде ыдырамайды да, тұқым ӛну қабілетін 
сақтайды. Дерт шамадан тыс меңдесе масақшалар ашылып, залалданған 
дән тӛгіліп топыраққа түседі.
Ауру қоздырғышы – Neovossia indica Mundkur саңырауқұлағы. 
Телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы 
қара-қошқыл, қоңырлау, бетінде торлы бедері бар, ӛскіні түccіз. Споралар 
тыныштық кезеңнен ӛткеннен соң 15-25°С температура деңгейінде жуан 
базидияға ӛніп, онда 32-128 дана, пішіні ұзынша, сәл иіліп келген 
базидиоспоралар түзеді. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм 
промицелий ӛніп, оның ұшында кӛптеген бір-екі клеткалы споридиялар 
түзіледі. Ӛсіп тұрған кезінде ӛсімдікті гүлдеу кезеңінде базидиоспоралар 
және споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы ӛсімдік бойында 
диффузды жетілмейді. Инфекция қоры – залалданған тұқым және топырақ. 
Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға тӛзімді келеді. Үнді қара 
күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен ӛнгіштігі 
тӛмендеп, ӛнім шығымы 10-20% кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет