103
30-сурет. Бидайдың қоңыр таты:
1 – саңырауқұлақтың эцидиоспоралары;
2 – ӛсімдік сабағындағы урединий
бӛртпе (үлкейтілген);
3 – саңырауқұлақтың урединиоспоралары;
4 –
патогеннің телиоспоралары;
5, 6 – бидай ӛсімідігінің
жапырағы мен
жапырақ қынабындағы урединийбӛртпелер; 7, 10 – бидай ӛсімдігінің
жапырағы мен жапырақ қынабындағы телиобӛртпелер;
8-9 – маралоты
(аралық ӛсімдік) жапырағындағы эцидиобӛртпелер
Вегетацияның соңында урединийлердің орнында телий бӛртпелер
түзіледі. Телиоспоралары – ұзынша келген,
шоқпар тәрізді, тӛбесі тегіс,
аумағы 30-42 14-17 мкм, тӛменгі жасушасы жоғарғысына қарағанда
104
ұзындау және жіңішкелеу, сабағы мен пердеcінің түсі қоңырлау, ӛнгіш
саңылауы білінбейді.
Саңырауқұлақ жіпшелері залалданған күздік бидай жапырақтарында
және жабайы ӛсімдіктерде қыстайды немесе
споралары ауа ағынымен
ӛсімдікті залалдайды. Саңырауқұлақ жартылай циклмен дамып, эций
кезеңі болмауы да мүмкін. Қоңыр тат кеселімен бидай, арпа,
қара бидай
және астық тұқымдас жабайы ӛсімдіктер залалданады.
Дертке шалдыққан ӛсімдік жапырағының ассимиляциялық беті
кішірейіп, су алмасу үрдісі бұзылып, жапырағы ерте қурап,
суыққа
тӛзімділігі тӛмендейді. Нәтижесінде дақылдың ӛнімі шығымы кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: