97
кӛлемі 7-11 х 6-10 мкм. Жетілген телиоспоралар су тамшысында базидия
мен базидиоспораларға ӛнеді. Базидиоспоралар бүршіктеніп, кӛптеген
споралар түзеді. Бұл споралардан ӛнген жіпше меристема ұлпаларына еніп,
онда 20-24 күннен кейін телиоспораға толы бұлтық пайда болады.
Вегетация кезеңі бойына саңырауқұлақ 3-4, кейде 5 ұрпақ береді.
Телиоспоралар 23-40°С температура аралықтарында ӛнеді, ал
олардың қолайлы даму температурасы 23-25°С, топырақ ылғалдылығы –
40-80%. Саңырауқұлақ ӛсімдік
бойымен диффузды таралмай, ӛсімдікке
енген бӛлігінде жергілікті дамиды
Қоздырғыш негізінен вегетативті жасушаларды залалдайды.
Собықтағы дәндердің перикарпий қабығы, сұлтанның тозаңқабы, сабағы
және гүл жапырақтары ауруға шалдығады.
Eгiн жинау кезінде телиоспоралар тұқымға, топыраққа түсіп, ал
қалғандары қара күйелі бұлтықтарда, ӛсімдік қалдықтарында сақталады.
Топырақта қоздырғыш телиоспоралары тіршілігін 4
жылға дейін
жоймайды. Кӛктемгі қолайлы жағдайларды (23-25°С температура)
топырақта немесе тұқымда қыстап шыққан телиоспоралар базидия мен
базидиоспораларға ӛніп, жас ӛскін мүшелерін залалдайды.
Құбылмалы температура мен ылғалдылық,
қоректік заттардың
жетіспеуі (әcipece фосфор, калий) және ӛсімдіктің механикалық
зақымдануы аурудың дамуына едәуір ықпалын тигізеді.
Аурудың зияндылығы ӛсімдіктің залалдану мерзіміне, түзілген
ісіктер мен бұлтықтардың кӛлемі мен санына тікелей байланысты.
Кӛпіршік қара күйемен залалданған жас ӛсімдіктер (5-6 жапырақ кезеңі)
жойылып, ал қалғандары собық түзбейді немесе ӛсімтердің кӛлеміне
байланысты ӛнім шығымы 60%-ға, кейде одан да кӛп деңгейге тӛмендейді.