Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


  1.2 Дәнді дақылдардың тат аурулары



Pdf көрінісі
бет75/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 


99 
1.2 Дәнді дақылдардың тат аурулары 
Тат аурулары астық дақылдарының кең таралған, аса зиянды 
кеселдері болып табылады. Аурудың қоздырғыштары Basidiomycetes класы 
Uredinales 
қатарының 
Puccinia 
туысына 
жататын 
облигатты 
саңырауқұлақтар. Олардың ӛciп дамуы тipi субстратта ғана жүреді. Кейінгі 
кезде Канада ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде паразиттерді 
арнайы жасанды қоректік орталарда ӛcipyгe болатындығы дәлелденді. 
Қоздырғышпен залалданған ӛсімдік мүшелерінде (сабақ, жапырақ, 
жапырақ қынабы, масақша қауызы және т.б.) түзілген бӛртпелердің 
(споралар жиынтығының) түci бастапқы кезде тотыққан татқа 
ұқсағандықтан ауру "тат" ауруы деп аталган. 
Тат саңырауқұлақтарының дамуы жартылай және толық циклді 
кезеңдерден тұрады. Толық даму циклін ӛтетін саңырауқұлақтарда үш 
кезеңде бес түрлі спора түзіліп, әрқайсысы арнайы атаумен аталып, рим 
цифрімен таңбаланады: 
0 – пикнидалар (спермагоний) – дәнді дақылдарды залалдамайтын 
гаплоидты споралар. Олар жынысты жолмен қосылып, диплоидты жіпше 
береді; 
І – эций және эциоспоралар. Бұл кезеңде саңырауқұлақ аралық 
ӛсімдікте жетіліп, эциоспоралар жабайы және екпе астық тұқымдас 
ӛсімдіктерді залалдайды; 
II – урединий және урединиоспоралар – ауруды тарататын 
жыныссыз, бір клеткалы, сабақты споралар;
ІІІ – телий және телиоспоралар – eкі клеткалы, қыстайтын және
базидияға ӛнетін споралар. 
IV – базидиоспоралар – аралық ӛсімдіктерді залалдайтын, 
телиоспорадан ӛнген гаплоидты споралар. 
Тат саңырауқұлақтары даму цикліне байланысты бір иелі және әр 
иелі болып бӛлінеді. Егер қоздырғыштың дамуы бір ӛсімдік бойында ӛтесе 
– бір иелі, ал патогеннің жетілуі бір-бірінен таксономиялық (туыстық) 
алшақ ӛсімдіктер бойында ӛтсе –әр иелі болып танылады. 
Сабақ, қоңыр және тәжді тат ауруларының қоздырғыштары әр иелі, 
дамуы толық циклді, ал сары тат – бip иелі, дамуы жартылай, оның аралық 
иeci осы уақытқа дейін белгісіз, спермаций мен эциоспоралар түзілмейді. 
Дәнді дақылдардың бip түpi бірнеше тат ауруларының 
қоздырғыштарымен залалдануы мүмкін. Мысалы, бидай тат ауруының үш 
түрімен – сабақ, қоңыр және сары; арпа – қоңыр, сабақ және ергежейлі; 
сұлы – тәжді татпен залалданады 
Тат ауруының қоздырғыштарының дамуына қолайлы жылдары ауру 
үлкен аймақтарды қамтып, эпифитотия туғызып, астық дақылдарының 
ӛнімін түсіреді. Бүкілресейлік ӛсімдік қорғау институтының (ВИЗР) 
мәліметтері бойынша ТМД елдерінде тат ауруынан бидайдың жыл 
сайынғы шығыны – 10,4-67,2% жетеді. 


100 
Қазақстанның солтүстік облыстарында соңғы тӛрт онжылдықта 1-2 
млн. га егістікте бидайдың сабақ татының 5, ал оңтүстік және оңтүстік-
шығысында сары тат ауруының 7 эпифитотиялары тіркелді. Осы жылдары 
қоңыр тат ауруының ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіргені және 
республиканың батысында соңғы он жылда оның жаппай дамығаны 
байқалды (А.О.Сагитов және басқалары, 2000). 
Тат ауруларының әсерінен ӛсімдіктің ассимиляциялық аумағы 
кiшipeйiп, ӛнімінің сапасы мен шығымы тӛмендеп, дәні әлжуазданып, 
салмақсыз болады. Кеселдің зияндылығы ӛсімдіктің залалдану кезеңі мен 
қарқындылығына және сыртқы ортаның әсеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет