110
қарамықтар (склероцийлер) пайда болады. Олар алғаш сия-күлгін, кейін
қара түске айналып, ұшы масақшадан (4 см) шығып тұрады (34-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Ascomycetes класының Clavicipitales қатарына
жататын
Claviceps purpurea Tul. саңырауқұлағы.
Қоздырғыш дәнді
дақылдарға жататын кӛптеген ӛсімдіктерді залалдайды. Саңырауқұлақтың
даму циклі конидиялы, қалталы кезеңдерден және склероцийлердан
тұрады.
Егісті жинағанда склероцийлер топыраққа түсіп
қыстайды немесе
тұқым арасында сақталады. Кӛктемде ауа 10-14°С шамасына дейін
қызғанда склероцийлер ӛніп, кӛптеген қызыл строма түзеді. Строманың
домалақ басында саңылауы сыртқа
қарай шыққан құмыра тәрізді
перитецийлер орналасады. Әр домалақ стромада 200-400 перитецийлер
болады. Олардың кӛлемі – 275-300 82-110 мкм. Әр перитеций ішінде 32
қалта, әр қалтада 8 цилиндр, пішіні – шоқпар немесе жіпше тәрізді, түссіз,
бір клеткалы калтаспоралар түзіледі.
34-сурет. Қастауыш ауруына
шалдыққан арпа масағы
Бидай
гүлдеген
кезде
аскоспоралар пiciп жетіліп, калталардан
босап шығып, желмен таралады. Гүл
аузына
түскен
аскоспора
ӛніп,
жіпшумақ
түзіп,
аналық
арқылы
жатынға еніп, қаркынды жетіледі.
Жіпшумақтың конидиятасушыларында
конидиялар түзіліп,
тәттi иіcтi шырын
тамшысы пайда болады. Конидиялар
эллипс тәрізді, бip клеткалы, кӛлемі 4-
6 2-3 мкм.
Тәтті шырын насекомдарды
еліктіріп,
олар
саңырауқұлақ
конидияларын басқа ӛсімдік гүліне
таратып залалдайды да, гүлдегі қайта
жетілген
жіпшумақ барлық ұлпаларды
бұзып,
склероций
түзеді.
Гүлдеу
кезеңіндегі жаңбыр тамшысы да
аурудың қарқынды таралуына себебін
тигізеді..
Қоздырғыш кӛптеген екпе
және жабайы астық тұқымдас
ӛсімдіктерді, соның ішінде қара бидайды жиі залалдайды. Кесел астық
ӛнімінің сапасы мен мӛлшерін кемітеді. Қарамық құрамы улы
алколоидтарға бай, сондықтан қарамық
араласқан дәннен алынған ұннан
улануға болады. Қарамықтан жүрек, қан тамырлары және жүйке дерттерін
емдейтін дәрілер де алынады.