Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Қара кҥйе ауруларынан қорғау шараларының жҥйесі



Pdf көрінісі
бет74/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

1.1.1 Қара кҥйе ауруларынан қорғау шараларының жҥйесі 
Астық дақылдарын қара күйе ауруларынан қорғау жүйесі 
агротехникалық, шаруашылық-ұйымдастыру және химиялық шаралардан 
құралады. Химиялық шараға дақыл тұқымдарын алдын-ала әр түрлі 
химиялық препараттармен ӛңдеу жатады. Агротехникалық және 
шаруашылық-ұйымдастыру 
шаралары 
– 
топырақ 
пен 
ӛсімдік 
қалдықтарында сақталатын инфекцияларды жоюға бағытталған шаралар 
жүйесі: 
- eгicтiктi барлық ӛсімдік қалдықтарынан арылту;
- сүдігер жырту;
- ауыспалы eгicтiктi сақтап, дақылды бір танапқа жиі қайталап 
сеппеу;
- тұқымдықты азықтық егістен және қара күйенің бір түрімен 
залалданатын дақылдардан оқшау орналастыру;
- аймақтың топырақ климат жағдайларына және нақты жылдың 
жағдайларына байланысты дақылды оңтайлы мерзімінде себу;
- егінді себуді қоздырғыштың дамуына қолайсыз мерзіміне 
ауыстыру және т.б. шаралар ауру қоздырғыштардың белсенділігін едәуір 
арттыруға немесе толық жоюға мүмкіндік береді. Мысалы, бидай ӛскіндері 
қатты қара күйемен залалдануы 7-13°С температура аралығында жүреді, ал 
егер себу мерзімі ауа температурасы 20-25°С жоғарылаған кезге 
ауыстырылса, залалдану жүрмейді; 
- тұқымды оңтайлы тереңдікке себу. Дақылдың қара күйе ауруына 
шалдығуында тұқымды себу тереңдігінің маңызы зор. Тұқымы терең 
себілген жағдайда бидайдың – қатты, арпаның – тас қара күйе 
ауруларымен залалдануы артады, ал тұқым тым тайыз себілсе – бидай 
ӛсімдіктерінің ергежейлі қара күйе дертіне шалдығу қаупі артады;
- минералды тыңайтқыш енгізу. Топыраққа енгізілген минералды 
тыңайтқыштар, әсіресе суперфосфат, қара күйе ауруларына ӛсімдіктің 
тӛзімділігін арттырады. 
Тұқым бойында сақталатын инфекцияны жою үшін қолданылатын 
нeгiзгi шара – тұқымды алдын ала арнайы дәрілер – фунгицидтермен 
дәрілеу. Бүгінгі күні тұқымды дәрілеуге қолданылатын фунгицид түрлері 
кӛп. Олардың ішінде тұқым бетінде және бойында болатын кӛптеген ауру 
қоздырғыштарына қарсы Қазақстан республикасында қолдануға рұқсат 
етілгендері және тиімділігі жоғарыларының қатарына әсер етуші заты 
тебуканозол – раксил – 0,4 л/т, раксил ультра – 0,2 л/т; әсер етуші заты 
тритикиназол – премис екі жүз – 1,0-1,5 л/т дәрілерімен қатар ламадорды – 
0,12-0,15 л/т атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет