101
эцидий эциоспораларымен;
8 – заладалған бӛріқарақат
жемістері;
9 –
эцидиоспоралар;
10 – базидиоспоралар
Бұл дерт ерте себілген күздік немесе кеш егілген жаздық бидайда жиі
кездеседі. Дертке шалынған ӛсімдіктің сабағында, жапырағында, жапырақ
қынабында, масақша қауызында, мұртшаларында пішіні сопақтау,
қоңыр
түсті тат бӛртпелері пайда болады (29-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Puccinia graminis Pers. Eriks. саңырауқұлағы.
Паразит әр иелі, толық циклді. Аралық иесі – бӛріқарақат және магония.
Бӛріқарақат жапырағының үстіңгі бетіне қоңыр дақ болып түсіп, оның
бетінде сары-қоңыр түсті спермагонийлер түзіледі, ал дақтың астыңғы
бетінде түсі ақшыл-сары, диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе пішінді
эцийлер түзіледі.
Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз
, ұсақ-сүйелді,
жоғарғы бӛлігі қалыңдау. Бұл споралар дәнді дақылдардың сабағын
залалдайды. Залалданған бӛлікте жергілікті жіпшумақ жетіліп, оның
үстінде урединий мен урединиспоралар түзіледі. Урединийлер қоңыр-
қызыл түсті, пішіні сопақша келген (кейде 10 мм-ге дейін), кӛбіне буын
аралығында қатарласқан түрінде орналасады. Урединиспоралардың пішіні
сопақтау, түсі – сарғылт-қоңыр аумағы – 26-40 11-13 мкм,
қабығы
қоңырқай, қалың (1-3 мкм), беті тікенді. Ол су тамшысында 3-30°С
температура аралығында (қолайлы 20
о
С) ӛнеді. Вегетация кезеңінде
саңырауқұлақ урединиспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бip
урединиоспорадан миллиондаған споралар түзілуі мүмкін. Вегетация
соңында урединийлердің орнында телиоспоралары мен телий бӛртпелер
пайда болады. Телиоспоралар – ұзын сағақты,
екі клеткалы, ұзынша
шоқпар тәрізді, аумағы 25-78 10-24 мкм. Жоғарғы бӛлігі сопақтау, кейде
тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сарғылт-қоңыр немесе қоңыр.
Телиоспоралар ӛсімдік
қалдықтарында қыстап, кӛктемде жетіліп 9-
29°С температурада (қолайлы 18-22°С) және 95-100% ылғалдылықта ӛнеді.
Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен
базидиоспораларға айналады. Базидиоспоралар бӛріқарақат пен магонияны
залалдайды. Олардың жапырағында спермагоний мен эцийлер түзіледі.
Бұл саңырауқұлақ кӛп жылдық дәнді арам шӛптердің тамырында урединий
жіпшесі түрінде қыстап, кӛктемде урединиоспоралар бepyi мүмкін.
Puccinia graminis саңырауқұлағының арнайы бейімделген 11
формасы бар. Әр формасы кӛптеген нәсілдерден (расалардан) тұрып,
белгілі сорттарды ғана залалдайды. Мысалы,
P.graminis f.tritici
саңырауқұлағының 300 нәсілі, ал
f. secalis формасының – 20-дан аса
нәсілдері бар.
Қазақстанда сабақ таты бидайда,
қара бидайда, сұлыда, арпада,
атқонақта, қоңырбаста, арпабаста және т.б. дәнді дақылдарда кездеседі.
102
Ауру дамығанда эпидермис кӛп жерінен (1500) жарылып, ӛсімдіктің
су алмасу үрдісі бұзылып, ӛсімдік сабағы мерзімінен ерте қурайды. Сабақ
таты қатты жетілгенде астық жапырылып, ӛнімі 6,8-ден 50% ға дейін
тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: