107
Сары тат ауруының қоздырғышы физиологиялық нәсілдер (расалар)
мен биотиптерге жіктеледі. Қырғыз және Ӛзбек
республикаларының
Қазақстанмен шекаралас аймақтарында сары тат ауруының 30-ға тарта
физиологиялық нәсілдері тіркелген.
Сары тат дертінің салдарынан ӛсімдіктің жапырағы қурап, дәнектері
семіп, залалданған тұқымның ӛнуі 20%-ға, ал егін ӛнімi
– 18-30%-ға
кемиді.
Сҧлының тәжді таты. Тәжді тат ауруы сұлы егілетін барлық
аймақтарда
кездесіп, республиканың солтүстігінде – Қостанай, Солтүстік
Қазақстан облыстарында жаппай тарлған.
Тәжді тат ауруының белгісі – сұлының шашақтану кезеңінде
жапырақтың
екі бетінде, кейде жапырақ қынабында және масақша
қауыздарында дӛңгелек пішінді қызғылт-сары түcтi бӛртпелер түрінде
білінеді. Вегетация кезеңінің соңында урединийлердің айналасында қара,
жылтыр, беті эпидермиспен кӛмкерілген телий бӛртпелер түзіледі (31-
сурет).
Ауру қоздырғышы –
Puccinia coronifera Klеb. саңырауқұлағы.
Қоздырғыш
толық циклді дамиды, аралық иесі – итшомырт.
Урединиоспоралары сопақтау, кӛлемі – 28-37 15-28 мкм, бip клеткалы,
түci сары, ұсақ тікенді, қабығы қалың.
Телиоспоралардың кӛлемі мен пішіні әр түрлі – 34-56 13-20 мкм,
түсі
қара-қоңыр, кӛбіне шоқпар пішіндес, екі клеткалы,
сабағы қысқалау,
жоғарғы бӛлігінде 1-8 тәж тәрізді ӛсінділері бар, сондықтан да кеселді
"тәжді" тат деп атайды.
Еліміздің солтүстік ӛңірінде бұл саңырауқұлақ вегетация кезеңі
бойына 5-6 урединий ұрпағын береді.
Бұл кеселмен негізінен сұлы,
сондай-ақ қара сұлы залалданады. Осыған байланысты қара сұлы да
аурудың негізгі қоры болып табылады. Сұлының тәжді тат ауруының
жетіліп таралуына қолайлы температура – 16-22°С және ұзақ уақыт (4
сағат) бойына сақталатын шық немесе майда ақ жаңбыр.
Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің
физиологиялық, биохимиялық
үрдістері бұзылып, дәннің саны мен сапасы тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: