105
31-сурет. Сары тат ауруымен залалданған бидайдың жапырақтары,
жапырақ қынабы және масағы
Аурудың белгісі ӛсімдіктердің масақтану кезеңінде,
кейде ертерек
білінеді. Ӛсімдік жапырағында майда қызыл-сары немесе ашық-сары
ұнтақты бӛртпелер қатарласып, ретпен, кейде тізбектеліп, жүйке бойымен
орналасады (29-сурет). Жапырақтан басқа ӛсімдіктің
жапырақ қынабы,
кейде сабағы, қылтанағы, масақша
қауызы және дәндері ауруға
шалдығады. Залалданған ұлпалар түссізденіп, жапырақ қурап, кейін
эпидермис астында қара бӛртпелер (телий бӛртпелер) пайда болады.
Ауру қоздырғышы –
Puccinia striiformis West, саңырауқұлағы.
Қоздырғыштың дамуы жартылай циклмен ӛтеді. Аралық иeci бeлгіciз.
106
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединиоспораларының бірнеше
ұрпағы түзіледі. Урединиоспоралары бip клеткалы, түci
қызыл-сары, шар
тәрізді немесе сопақша келген, кӛлемі 18-32 14-25 мкм, қабығы түссіз,
ұсақ тікенді.
Телий бӛртпелер жапырақтың астыңғы бетінде және жапырақ
қынабында майда, түci
қара-қоңыр, сызық бойымен орналасып,
эпидермиспен кӛмкерілген дақ түрінде пайда болады. Телиоспоралары екі
клеткалы, ұзынша, шоқпар тәрізді,, кӛлемі 26-56 13-24 мкм, тӛбесі тегіс,
түсі қоңыр, сабағы қысқа, түссіз.
Күзде саңырауқұлақ жіпшесі күздік бидайға түсіп, жапырағында
сақталады да, кӛктемде түзілген урединиоспоралар жаздыққа кӛшеді.
Жаздық пен күздік аралығында саңырауқұлақ жерге түскен
бидай
тұқымынан ӛз бетінше ӛнген ӛскінде сақталады.
Тау мен тау бӛктеріндегі аймақтарда астық тұқымдас жабайы
ӛсімдіктерде саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде сақталады. Қоздырғыштың
қолайлы даму температурасы 15-17°С, ӛсімдіктің кеселмен залалдануы
тамшы күйіндегі ылғал болған жағдайда ӛтеді.
Бидайдан басқа сары тат ауруымен сұлы, арпа, қара бидай және кӛп
жылдық астық тұқымдас жабайы ӛсімдіктер залалданады.
Достарыңызбен бөлісу: