Термоэлектрондық эмиссия деп қыздырылған денелер бетiнен еркiн электрондардың шығу
құбылысын айтады.
Термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғыны электронды-сәулелiк түтiкше
дейдi.
Электронды-сәулелiк түтiкшенiң схемасы 1- суретте
келтiрiлген.
Катод электрондар көзi болады. Электондар шоғын
фокустеу
үшiн
басқарушы
электродқа
терiс
потенциалдар жiберiледi. Осы электрод өрiсi
электондар шоғын сығады. Үдеткiш анодтарға оң
потенциалдар жiберiледi. Анод пен экранның
арасында ауытқытушы екi пар пластиналарға кернеу
берiледi.
Пластинкалардағы
кернеу
шоқтың
вертикаль және горизонталь ығысуын туғызады.
Электронды-сәулелiк тутiкшелер теледидардағы бейнелердi шығару және осциллографтағы
кернеулер айнымалыларын зерттеу ушiн пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары
1.
Газ разряды деген не?
2.
Газды иондау деген не?
3.
Тәуелсiз және тәуелді газ разряды
Сабақ № 31
Тақырыбы:
2.3.4 Жартылай өткізгіштердегі электр тоғы.
Сабақ жоспары:
1. Жартылай өткізгіштер
2. n-типі
3. p-типі
4. Диод
5. Транзистор
Жартылай өткiзгiштер деп кедергiсi кең көлемде өзгере алатын және температурасы жоғарылаған
сайын кедергiсi тез азаятын заттарды айтады.
Таза (қоспасыз) жартылай өткiзгiш кристалындағы еркiн электрондардың және кемтiктердiң
қозғалысынан болатын өткiзгiштiктi жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi дейдi.
Таза жартылай өткiзгiштiң электрөткiзгiштiгi тек қана кристалдағы коваленттiк байланыстар узiлген
жағдайда ғана мүмкiн болады. Мысалы, қыздыру коваленттiк байланыстардың үзiлуiне келтiредi,
сондықтан еркiн электрондар пайда болып, таза жартылай өткiзгiштiң меншiктi электрондық
Достарыңызбен бөлісу: |