МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
12
Стенографиялық есеп
Реализация норм соглашения позволит повысить эффективность контроля за
энергоресурсами,
перемещаемыми
через
казахстанско-узбекскую
границу
трубопроводным транспортом и по линиям электропередачи.
В целом его основные положения уже были обозначены в выступлении
докладчика.
На сегодняшний день всеми постоянными комитетами
Мажилиса Парламента по
законопроекту представлены положительные заключения. При рассмотрении в рабочую
группу предложений не поступало.
На основании изложенного Комитет по финансам и бюджету считает возможным
рекомендовать Мажилису Парламента Республики Казахстан принять проект Закона
Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между
Правительством Республики
Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном таможенном контроле
при перемещении энергоресурсов через казахстанско-узбекскую таможенную границу
трубопроводным транспортом и по линиям электропередачи». Спасибо.
ТӨРАҒА. Спасибо, Ирина Владимировна.
Әріптестер, енді заң жобасын талқылауға көшеміз.
Сөз депутат Жұбанов Әділ Орынбасарұлына беріледі.
ЖҰБАНОВ Ә.О. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Қазақстанның
Өзбекстан Республикасымен екіжақты қарым-қатынасы
Қазақстанның сыртқы
саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Көп жағдайда ол біздің
елдер ынтымақтастығының деңгейі мен сапасы бүкіл Орталық Азия өңірінің одан әрі
тұрақты дамуы үшін негіз болатынына байланысты.
Сондықтан бүгін біз қарастырып отырған халықаралық шарт тауарларды құбыржол
көлігімен және электр беру желілері арқылы тасымалдауға байланысты біздің елдер
арасындағы қатынастарды реттеуде сапалы жаңа тәсіл орнатуға мүмкіндік
береді деп
санаймын. Қазақстан өз шекараларының периметрі бойынша, оның ішінде бірлескен
кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүдделі.
Келісімді іске асыру өзара берілетін деректердің дұрыстығына сенімді болуға мүмкіндік
бере отырып, паритетті түрде ақпарат алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Біздің республиканың транзиттік әлеуетін ескере отырып, бүгінгі таңда біз үшін
өзіміздің энергия ресурстарының шекаралары арқылы жақсы дамыған өткізу жүйесі
болғаны өте маңызды. Ол үшін біз барынша қолайлы жағдайларды
қамтамасыз етуіміз
керек, ең алдымен бұл есепке алу деректерінің дәл және келісімді болуына қатысты. Бұған
қоса, өздеріңіз білетіндей, құбыржол көлігі мен электр беру желілері мемлекеттің кедендік
шекаралары арқылы энергия тасымалдаушыларды өткізу процесіне тікелей қатысатын
ажырамас технологиялық буындар болып табылады.
Мен талқыланып отырған заң жобасын тұтастай қолдаймын және әріптестерімді
қолдауға шақырамын. Рақмет.
ТӨРАҒА. Рақмет, Әділ Орынбасарұлы.