МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
14
Стенографиялық есеп
Күнбағыс тұқымына экспорттық кеден салығын енгізу нарықтық бағаның 30
пайызға төмендеуіне әкелді. Қабылданған
шаралар Қазақстанның емес, шетел
өндірушілерінің «пайдасына» жұмыс істеп кетті, май өңдеу зауыттары күнбағысты
шетелден тасуда.
Мал шаруашылығында да жағдай өте ауыр. Тірі малды әкетуге тыйым салу, ірі
қараны экспортты квота жасау шаралары да теріс нәтижелер беріп отыр.
Ауылда жеке үй шаруашылықтары өздерінің малын өткізуге зар болып қалды.
Соның нәтижесінде малға қарап отырған ата-аналар балаларын мектепке дайындауға
ақшалары жоқ. Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен.
Қазақстанның астық нарығында да жағдай тұрақсыз.
Азықтық бидайдың орташа
құны өткен жылмен салыстырғанда 1,5-2 есеге арзандады. Бұл ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауына себеп болуы ықтимал. Яғни,
еліміздің аграрлық саласы жүйелі дағдарыс алдында тұр.
«AMANAT» партиясы отандық аграршыларды осынау қиыншылық шеңгелінен
құтқару қажет деп есептейді.
Құрметті Айдарбек Сейпілұлы! Сіз осы саланың барлық сатысынан өткен
тәжірибелі мамансыз. Біздің аграрлық секторға адами қамқорлық қажет. Елге бірігіп
қамқорлық жасайық.
Орын алып отырған олқылықтарды
депутат корпусымен бірігіп, фермерлерді,
сарапшыларды қатыстыра отырып нақты шешім қабылдау маңызды. Халықтың шыдамы
шегінен шығып тұр.
Құрметпен «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері».
ТӨРАҒА. Депутат Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы.
БЕЙСЕНБАЕВ Е.С. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Депутаттық сауал Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне.
«Құрметті Әлихан Асханұлы! Жаз келсе болды, қоғамда теміржол жолаушылары
тасымалына қатысты шағым да көбейеді. Жылда қайталанатын жағдай. Теміржол
жолаушылар тасымалы сапасының төмендігі сын көтермейді.
Себебі жолаушылар
құрамының көп бөлігі кеңес заманының мұрасы.
Жыл сайын біз вагондар паркін жаңарту мәселесін көтеріп келеміз. Көптеген
уәделер бар, бірақ іс жүзінде жоспарланған қарқындар сақталмайды.
Қазіргі уақытта теміржол құрамының кемінде 60 пайызы тозған, пайдалануға
жарамайды. Ал министрлік пен «Қазақстан темір жолы» вагондар паркін түбегейлі
жаңартуды 2030 жылға жоспарлап отыр екен.
Осы орайда келесі жайтты ескерген жөн деп есептейміз. Ұлттық компания 1997
жылы құрылды. Яғни, 26 жыл күткеніміз аздай, енді тағы да жеті жыл күтуіміз керек.
Күткен үмітіміз ақталатынына, вагондар паркін жаңарту
жұмысы тиімді болатынына
сеніміміз аз. 2030 жылы қалған вагондар ескіріп, теміржол құрамы паркінің тозуы 80
пайызға асып кетпейтініне кім кепіл?!
Одан қалса, кондиционері істемейтін, терезелері ашылмайтын, қабырғасында
қоңыздар жүретін, қазіргі уақытта тозығы жеткен вагондарға жаз мезгілінде билет сатып