МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
10
Стенографиялық есеп
Бишкек – Алматы) с Кыргызстаном, Узбекистаном и Россией.
Так сложилось, так было
запроектировано, никакого ущемления по поводу того, что на территории Узбекистана
стоит
больше приборов учета, чем на стороне Казахстана, по нашему мнению, нет.
Спасибо.
ТӨРАҒА. Депутат Саиров Ерлан Бияхметұлы.
САИРОВ Е.Б. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы! Осындай әрбір келісім Қазақстанның ұлттық
мүддесі тұрғысынан жасалу керек.
Осы қаралып отырған келісімде контрабанданың
жолын кесуге және кедендік
қағидаларды бұзуды болдырмауға бағытталған қандай нақты шаралар қарастырылған?
Қазақстан мен Өзбекстан арасында есептеу аспаптарының көрсеткіштері сәйкес
келмеген кезде қандай рәсімдер көзделген? Іс жүзінде мұндай жағдайлар болды ма? Оны
бақылау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?
ЖАМАУБАЕВ Е.К. Сұрағыңызға рақмет, Ерлан Бияхметұлы.
Электр қуатын немесе мұнай-газды тасымалдаушы компания экспорттық,
импорттық операция бойынша алдын ала декларация береді, ол факті өткеннен кейін біз
оны салыстырамыз.
Негізі бұған дейін құқық бұзушылық болған жоқ, яғни айырмашылықтар жоқ. Біз
оған сенеміз. Дегенмен бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Дұрыс айтып отырсыз, контрабанда
фактілері болуы мүмкін. Импорттан шыққан газ,
мұнай немесе электр қуаты
экспортталғанда басқаша көрсеткішпен баруы мүмкін. Сондықтан біз екі жақтың да
көрсеткішін салыстыра аламыз. Егер олар дәл келсе, онда бұл контрабандаға тосқауыл
болатын норма болады. Сондықтан екі жақтың кеден қызметкерлері бірге барып қарайды,
көз жеткізеді.
Әрине, әр мемлекеттің өз заңы бар. Егер әкімшілік құқық бұзушылық болса, біздің
мемлекет сәйкесінше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен, егер қандай да бір
қылмыстық әрекет болса, оны Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес жазалайды. Әрине,
кеден органдарына қатысты Қылмыстық кодексте нормалар жоқ, сондықтан біз оны тиісті
құқық
органдарына жібереміз, олар тиісті шаралар қабылдайтын болады. Рақмет.
ТӨРАҒА. Ерлан Бияхметұлы Өзбекстан территориясында алты есептеу аспабы бар,
бізде біреу ғана, сол контрабанда басқаға қалай әсер етеді деп сұрап отыр. Негізгі сұрақ
осы.
ЖАМАУБАЕВ Е.К. Бұл сұраққа мен алдыңғы екі сұрақта жауап бердім.
ТӨРАҒА. Иә, алдыңғы екі сұрақпен байланысты.
ЖАМАУБАЕВ Е.К. Тарихи солай қалыптасқан. Сондықтан біз үшін осы келісімнің
ратификациялануы
маңызды.
Негізі
есептеу
аспабының
алтауы
Өзбекстан