25
Кесте 5 – SWOT-талдау
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Мүмкіндіктері Тәуекелдер
Медиация – ерікті
процесс
Тараптардың
бірдей
көңілдерінен
шығатын
медиаторды
таңдаудың
қиындығы
Дауға қатысушы
екінші тараптың
мүдделеріне
нұқсан келтірмей,
өз
құқықтарыңызды
қорғау мүмкіндігі
Құпиялылықтың
бұзылу қауіпі
Медиацияның
күшті және әлсіз
тараптары
болмайды
Медиация
рәсімінің
тиімділігі
дауласушы
тараптардың
ынтымақтасу
дәрежесіне өте
тәуелді
Дауды шешу
кезінде тараптар
үшін маңызды
барлық
аспектілерді
бірдей ескере
отырып,
жанжалды шешу
үшін мүмкіндік
береді.
Ашу, қорлау,
ұрыс т.б.
жағымсыз
әрекеттер болуы
мүмкін
Негізін
тұтастық
пен
ынтымақтастық
құрайды
Медиация
институтына
көпшіліктің әліде
сенімсіздікпен
қарауы
Келісімге
келмеген
жағдайда
тараптардың бірі
сотқа жүгінуі
мүмкін
Тараптар
процестің иелері
болып табылады
Медиацияны бір
тарап (немесе
екеуі де) екінші
тарапты айла-
шарғы жасау
үшін қолдануы
мүмкін.
Медиация сіздің
құпиялығыңызды
сақтайды
Медиация уақыт
пен ақшаны
үнемдейді
Медиацияда
жеңімпаздар мен
жеңілгендер жоқ
Ескертпе – Зерттеу негізінде автормен жасалған
26
Тараптарды қандай да бір себептермен медиация жасағысы келмесе,
ешкім мәжбүрлей алмайды. Әрбір тарап кез келген уақытта медиациядан бас
тарта алады және келіссөздерді тоқтата алады.
Бұл медиацияның тараптардың бірінің бастамасы бойынша басталатын,
екінші тараптың
келісімі талап етілмейтін, істі қарайтын судья олардың
ешқайсысының қатысуынсыз тағайындалатын сот талқылауының елеулі
айырмашылығы болып табылады.
Бұл тараптардың өздерін процестің иесі ретінде сезінуге және
қабылданып жатқан шешім үшін жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік
беретін
жақсы артықшылық деп ойлаймыз.
Медиацияның күшті және әлсіз тараптарының болмауы
Тараптардың теңдігі тараптардың ешқайсысының да процессуалдық
артықшылықтардың болмауын білдіреді. Оларға өз ұстанымын, көзқарасын
білдіруге, келіссөздердің күн
тәртібін белгілеуге, ұсыныстар мен келісім
шарттарын бағалауға бірдей құқық пен мүмкіндік беріледі.
Медиацияда жанжалдың барлық қатысушыларының мүдделері мен
қажеттіліктерін есепке алуға баса назар аударылады. Сот ісін жүргізуде
жиналған дәлелдемелер тараптардың күшін айтарлықтай өзгерте алады, бұл
қатысушылардың біреуінің позициясын басқаларына қарағанда күштірек етеді.
Медиатордың міндеті – тараптардың тепе-теңдігін сақтау, тараптардың
келіссөздердің барысы мен нәтижелеріне бірдей ықпал етуіне мүмкіндік беру.
Бұл артықшылық дауласушыларға екі тараптың да мүдделеріне сай
келетін шешімді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тұтастық пен ынтымақтастық негіздері
Медиатор келіссөздер барысында сот сияқты құжаттар мен
дәлелдемелердің шынайылығын тексермейді.
Тараптар арасындағы қарым-қатынастар
адалдық пен ынтымақтастық
қағидасында құрылған.
Бұл медиация рәсімінің тиімді және табысты болып
аяқталуы үшін қажет.
Тараптардың жанжалдан шығудың жолын табуға мүдделі болуы және
қандай шешімдер қабылданатынына және олардың қалай орындалатынына
өздері жауапты болуы медиацияның маңызды артықшылығы болып табылады.
Тараптар процестің иелері болып табылады
Медиатор тараптардың әрқайсысына қатысты бейтарап болуы керек. Баға
бермейді,
кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деп шешпейді, ақыл-кеңесін бермейді.
Егер медиатор оған бейтараптық сақтау қиынға соғатынын және оның бойында
пайда болатын эмоционалдық бағалаудан арыла алмайтынын сезсе, ол процесті
жүргізуден бас тартады. Мұндай процессуалдық еркіндік, дауларды шешудің сот
тәжірибесінен айырмашылығы, тараптардың жеке мүдделерін барынша ескеруге
және сақтауға болады деп пайымдауға негіз береді. Өйткені шешім қабылдау
толығымен тараптардың міндеті.
Құпиялылықтың сақталуы
Бүгінгі таңда құпиялылық көптеген клиенттер үшін маңызды болып
табылады.
Бұл коммерциялық
медиацияда өте маңызды, өйткені компаниялар
серіктестері мен клиенттері арасында оң беделді сақтағысы келеді.
Ал бұл жерде
27
медиацияның артықшылығы – медиация барысында айтылған немесе
талқыланғанның бәрі осы процестің аясында қалады.
Мысалы, медиатор жеке
әңгімелесу барысында бір тарапқа екіншісінен алған ақпаратты айтпайды. Бұл
ақпаратты жария ету үшін ол хабарлаған тараптың арнайы рұқсатын алуы керек.
Сондай-ақ, іс сотқа дейін барса, медиатор куәгер бола алмайды. Коммерциялық
немесе
жеке құпияны сақтай отырып, медиацияда құпиялылық маңызды
артықшылыққа айналады.
Медиация уақыт пен ақшаны үнемдейді
Артықшылықтардың қатарында медиацияның дауға қатысушылардың
уақытын, ақшасын және эмоционалдық күшін үнемдеуге көмектесетінін атап
өткен жөн.
Ол
қақтығысқа немесе жеңіске емес, шешімдерді конструктивті
іздеуге бағытталған. Медиацияда сот ісін жүргізуден айырмашылығы, шешімді
бір немесе бірнеше келіссөздер сессиясында, 3-4 сағат ішінде табуға болады, бұл
айтарлықтай шығындарды үнемдеуге әкеледі.
Медиацияда жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ
Сотта «кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» принципі бойынша шешім іздеуде
тараптардың бірінің жеңісіне баса назар аударылады. Медиацияда жеңіске
жеткендер де, жеңілгендер де жоқ, себебі мәселенің екі жаққа да тиімді шешіміне
қол жеткізуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: