19
табылады. Ел бойынша Достық үйлерінде медиаторлар кабинеттері құрылды.
Экономикалық, құқықтық білімі және тәжірибесі бар кәсіби медиаторлар
осы санаттағы даулар бойынша медиацияны қолдану тәжірибесін дамытып
келеді.
Медиацияны дамытудың
үшінші кезеңі 2017 жылдың соңынан кейінгі
қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезең
даулардың әртүрлі санаттары
бойынша медиацияның мамандануының пайда болуымен ерекшеленді.
Мәселен,
медициналық және құқықтық дауларды шешу үшін бүгінде
осы
санаттағы
дауларға қатысты және оларда медиация рәсімін қолдану мүмкіндігін, соған
сәйкес ерекшеліктерін білетін медицина мамандары арасынан медиаторларды
дайындауға тиісті әдістер әзірленуде.
Сол сияқты банктік, микроқаржылық
саладағы, қаржылық дауларды реттейтін медиаторларды мамандандырулар
белсенді енгізілуде.
Қазақстанда еңбек дауларын реттеуде кәсіби ұйымдардың медиаторлары
және кәсіподақтар мен ҚХА медиаторлары нәтижелі жұмыс жасауда.
Осы ретте даулардың сотта және
медиация тәртібімен қарау
мүмкіндіктері бойынша салыстырма кестені қарайтын болсақ та, медиацияның
көптеген ұтымды тұстары сезіледі (2-кесте).
Кесте 2 – Сот пен Медиацияның рәсімдеріне салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: