4
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚРЗ
-
Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР АК
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚР АІЖК
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексі
ТМД
-
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
НҚА
-
Нормативтік-құқықтық акті(лер)
АҚШ
-
Америка Құрама Штаттары
ADR
-
Alternative dispute resolution
(дауаларды
шешудің
балама түрлері)
ЕО
-
Еуро одақ
БҰҰД
-
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
КЕАҚ
-
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚХА
-
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы
ЭЫДҰ
ХЕҰ
-
-
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы
Халықаралық еңбек ұйымы
5
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Магистерлік жұмыс еңбек дауларын реттеудегі медиацияның тиімділігін
сипаттай отырып, оның кеңінен пайдалануына және қолдануына арналған.
Зерттеуде ҚР-дағы жалпы медиацияның жай-күйі, ондағы мәселелер, оны шешу
бағытындағы халықаралық тәжірибе мен әлемдік үрдістер және де олардың
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге негізделген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Тақырыптың өзектілігі бірінші кезекте еңбек дауларының өзекті
болуынан туындайды. Бүгінде дүние жүзінде еңбек дауларының алдын алу және
шешу мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде. Еңбек дауларының алдын алу және
тиімді шешу – ол салауатты және өнімді еңбек қатынастарының кепілі. Мүдделі
тараптар дауларды реттеудің тиімді тетіктерін ұжымдық келіссөздер жүргізу
барысында
пайдалана отырып, әлеуметтік серіктестікті нығайтуға қадам
жасайды. Даулар, қақтығыстар, жанжалдар – еңбек қатынастарының табиғи және
сөзсіз болмай қоймайтын факторлары болып табылады,
сондықтан оларды
неғүрылым болдырмау, азайту және шешу тетіктерінің тиімді тұстарын таба
біліп, дұрыс қолданудың маңыздылығы өте зор.
Еңбек дауарын реттеу мәселесімен
айналысу тиісті мемлекеттік
мекемелерге (министрліктер мен департаменттер) жүктелетіні ол тарихи
қалыптасқан үрдіс және бұл үрдіс әлемнің көптеген мемлекеттеріне тән және
Қазақстанды да қалыс қалдырмаған. Бірақ, осы
еңбек даулары мәселесімен
айналысатын құзырлы органдар даулардың шеңберін азайтуға, алдын алуға
немесе түбегейлі шешу жолында танытып отырған белсенділіктері жеткіліксіз
сияқты. Олар өздеріне жүктелген міндеттемелердің
аясында ғана тиісті
процедураларды жүргізіп, жазбаша рәсімдеумен шектеліп, тараптар келіспеген
жағдайда сотқа жүгіну құқықтарын түсіндірумен шектеліп отырады.
Сондықтан, әлеуметтік серіктестердің сотқа жүгінуін азайтып, өзара
ымырада болып, консенсусқа негізделген тетіктерді белсенді түрде қолдану
қажет деп санаймыз.
2023 жылғы 20 наурызында Мемлекет басшысы «
Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына қол қойды [1].
Түзетулер пакеті ұлттық және басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін бір
жылға тартылатын «келісімшарттық қызметші» атты жаңа тұжырымдаманы
қарастырады.
Келісімшарттық қызметші келісімшарт бойынша жұмыс жасайды
және еңбек қатынастары еңбек заңнамасымен реттеледі. Сондықтан еңбек
қатынастары барысында туындауы мүмкін дауалардан ешбір тарап сақтанбаған.
Осы ретте шетелдік
тәжірибені зерттей келе, қандай да болмасын туындаған
даулардың медиация арқылы реттелгені тиімдірек екені байқалады. Бұл жөнінде
төменірек талдау бөлігінде көрсетіліп кетеді.
«Медиацияның еңбек дауларын шешу құралы ретіндегі тиімділігі»
тақырыбының өзектілігі ұжымдардағы еңбек дауларының, оның ішінде жұмысқа
6
қайта орналастыру, еңбек ақысын, еңбек демалысын пайдаланылмаған күндері
үшін өтемақы төлету сияқты істердің әліде соттарда көптеп қаралуына
байланысты, соттан тыс, тараптардың келісім бойынша дауды шешудің балама
түрі – медиация арқылы қаралуының тиімділігіне зерделеу жүргізу.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс қимыл кезеңі» атты Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында Медиацияны
дамыту өзектілігін атап кетті. Ол өз сөзінде «
Он жылдай уақыт бұрын біз «Ме-
диация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік
орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат
байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» деген [2].
Сондықтан еңбек дауларын шешуде
медиацияны көптеп қолдануды
Президентіміздің Жолдауында айқындалған тапсырмасын орындауға
бағытталған бір бөлігі деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: