30
асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бұл Қызылорда
облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен Қызылорда
облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасын біріктіру арқылы жаңадан
құрылған құрылым.
Басқарманың 8 бөлімі бар, оның ішінде еңбек саласындағы қатынастарды
үйлестіретін 3 бөлім бар. Олар: Еңбек
қатынастарын бақылау бөлімі
,
Еңбек
заңнамасын бақылау бөлімі
,
Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімі
.
Бөлімдер
өзінің
қызметінде
Қазақстан
Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан
Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін,
басқа да нормативтік-құқықтық актілерін,
сондай-ақ басқарма Ережесін
басшылыққа алады.
Басқармамен 2022 жылы өңірлік әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның
76 отырысы
өткізіліп, онда еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер
қаралған. Жыл қорытындысымен облыстағы еңбек ұжымдарындағы ахуал
тұрақты деп бағаланған.
Тәжірибе барысында Басқрманың Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің
басшысы ұйымдастыруымен 2022 жылғы 13 наурызында "Аралтұз" АҚ-ның
қызметкерлеріне жүргізген жазатайым оқиғалардың
алдын-алу бойынша
түсіндірме жұмыстарына қатыстым. Атап өту керек, аталған қоғамның
жұмысшыларынан медиацияға деген қызығушылықтары бар екені байқалды.
Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлекторталығы» МКК, «Қызылорда Газ
Тарату жүйесі» МКК, «ҚЭТК» АҚ мен басқа да ұжымдарға магистерлік
тақырыбымның өзектілігін айқындауға ықпал ететін сауалнама жүргіздім.
Бұдан бөлек Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» электрондық базасындағы
ақпараттарды талдап, нәтижесінде 2022 жылы Қазақстан Республикасы
бойынша еңбек дауаларына қатысты 898 азаматтық іс қаралғанын анықтадым.
Азаматтық істердің бұл санаты 2021 жылмен салыстырғанда 232 іске
азайғандығын көрсеткен (2021 жылы – 1130 іс).
Істердің азаюына сотқа
дейінгі реттеу процедуралары, оның ішінде
медиация тәртібін қараудың да үлесі бар деуге болады.
Сол себепті, Қызылорда облысының «Бітім» медиация орталығының
жұмысымен танысуды да мақсат еттім. Бұл орталық 2018 жылы құрылып, содан
бері белсенді жұмыс жасап келуде. Негізгі мақсаты облыста кәсіби
миедиаторларды дайындау және медиацияны дамыту,
тұрғындарға құқықтық
көмек көрсету. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс негізінде азаматтарға әртүрлі
санаттар бойынша құқықтық кеңестер беріп келуде.
Жалпы ақпарат бойынша 2022 жылы Қызылорда облысы бойынша 180
кәсіби және 332 қоғамдық медиаторлар тіркелген. Көрсетілген мерзімде
Қазақстан халқы Ассамблеясымен 45 медиатор бірігіп жұмыс жүргізген.
Зерттеу тақырыбымның аясында жүргізілген сауалнамамаға 200-ге тарта
әртүрлі жас ерекшеліктегі және әртүрлі салада жұмыс жасайтын респонденттер
қатысты.
31
Атап айтқанда қатысушылардың ең көбі 36-45 жастағы азаматтар мен
азаматшалар. Олардың пайыздың мөлшері 37% құрайды. Одан кейін 25,5%-пен
46-
55 жас аралығындағы респондеттер қатысқан болса, 26-35 жас аралығындағы
қатысушыларда 25% құрап отыр.
Ең жас 18-25 жас аралығындағы респонденттердің үлесі 9% құраған
болса, қалған 3,5% 55 жастан жоғары қатысушыларға тиіп отыр.
Осы жас ерекшеліктері бойынша үлсетері көрсетліген респондеттерге
қатысты мәліметті 3-суреттен көруге болады.
3-
сурет – Сауалнамаға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған
4-
суретте респонденттердің кәсіби бағыты бойынша сауалнамаға қатысу
үлесін көруге болады. Көріп отырғандай, қатысушылардың көбін мемлекеттік
қызметшілер құрап отыр - 31%, ал
квазимемлекеттік сектордан
қатысушылардың үлесі 28%. Білім беру саласынан қатысқандар 20% құраса,
16,5%-
пен денсаулық сақтау қызметекрлері қатысқан. Ең аз қытсушылар – ол
кәсіпкерлер мен жеке ұйымдарда жұмыс жасайтындар – 4,5%.
«
Медиаторлар мен медиация туралы не білесіз?», - деген сауалға
қатысқан 200 адамның ішінде 44% медиацияны білетінін, бірақ қолданбайтынын
көрсеткен. Бұл тұрғындардың арасында көбінің медиация туралы жақсы
түсініктері қалыптасқанымен, әлі де болса тәжірибеде дауды шешудің осы
құралына кейбір сақтықпен, аздаған сенімсіздікпен қарайтын секілді.
Ал медиация туралы толық білетін және өмірде қолданып жүргендердің
үлесі 18% құрады.
Жалпы медиацияны білетіндердің үлесі 200 респонденттер ішінде 86%
құрайды.
Демек 18% медиацияны өмірде қолданып жүрген азаматтардың қатары
алдағы уақытта көбейуі мүмкін себебі дауларды
медиация арқылы шешудің
тиімділігі жайлы 24,5 % қолдаған.
32
4-
сурет – Сауалнамаға қатысушылардың кәсіби бағытына қатысты үлесі
Ескертпе – Сауалнама негізінде автормен құрастырылған
Ол жайлы төменірек 6-суретте көрсетілген, ал медияция туралы білетін
не білмейтін респондеттердің үлесі келесі суретте көрсетілген (5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: