Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

Мүмкіндіктер. 
Дауға қатысушы екінші тараптың мүдделеріне нұқсан келтірмей, өз 
құқықтарыңызды қорғау мүмкіндігі 
Бұл мүмкіндіктер тараптар арасында сындарлы қарым-қатынас туындап, 
дауды бейбіт жолмен шешуге бет бұрғанда туындайды. 
Тараптар шешім қабылдау үшін өз мүдделерін қорғауды негізге алатынын 
ескерсек, екі тарапқа да бірдей мүдделерін қанағаттанарлық шешім 
қабылданатыны анық.
Дауды шешу кезінде тараптар үшін маңызды барлық аспектілерді бірдей 
ескере отырып, жанжалды шешу үшін мүмкіндік береді. 
Жоғарыда көрсетілгендей тараптар өз мүдделерін барынша тиімді 
құрғалуға күш-жігерін жұмсай отырып, тиісті шешім қабылдауға тырысады. 
Медиатор әрине олардың іс-әрекеттеріне араласпайды, бірақ дұрыс сұрақтар қою 
арқылы бағыт-бағдар бере отырып, тиімді шешім қабылдануына ықпал етеді. 
Тәуекелдер 
Құпиялылықтың бұзылу қауіпі 
Медиатор болған оқиғаның құпиялығын сақтап, тараптарды ескертетініне 
кепілдік бере алады, бірақ екінші тарап басқаларға айтпайтынына кепілдік жоқ. 
Бұл ретте тараптардың бірі үшінші дауға қатысы жоқ тұлғаға ұзақ мерзімнен бері 
шешімін таппай келген қақтығыстың медиация тәртібімен шешілгенін хабардар 
ете отырып, барлық мәліметтерді егжей-тегжейлі айтып беруі мүмкін.
Ашу, қорлау, ұрыс т.б. жағымсыз әрекеттер болуы мүмкін 
Жау деп санайтын немесе жанжалдасып жүрген адаммен кездесу әрине 
жағымсыз дүние. Сондықтан ашу, қорлау, бірін-бірі балағаттау сияқты 
жағымсыз жағдайлар туындауы әбден мүмкін. Әрине, медиатор тәртібтің 
сақталуын үнемі бақылап отырады және тәртіп бұзылған жағдайда, кез-келген 
уақытта кездесуді үзіп жіберу құықығы бар екенін ескерсек те, бірақ «айтылған 
сөз – атылған оқпен тең», - демекші, мейлің ол әдейі айтылды ма, жоқ әлде 
байқаусызда шығып кетті ма, әрмен қарай сындарлы әңгіменің өткізілуіне үлкен 
кедергі келтіреді. 
Сондықтан жанжалдың өршуі мен психологиялық жарақат алу қаупі бар.
Келісімге келмеген жағдайда тараптардың бірі сотқа жүгінуі мүмкін 
Медиациялық келісімді қатысушылардың өздері ерікті түрде жасайды, 
егер «ізгі ниет» болмаса, қайтадан сотқа жүгінуге немесе басқа әдістерді 
қолдануға тура келеді, бірақ уақыттың жоғалатыны бар. 
Медиацияны бір тарап (немесе екеуі де) екінші тарапты айла-шарғы 
жасау үшін қолдануы мүмкін. 
Мұндай айла-шарғыны кейбіреулер әдейі қолданады. Себебі, кейінірек 
сотқа қажетті айғақтарды жинақтау үшін, алддын-ала осындай айланы олар 


29 
соттағы өзінің үстемділігін нығайту үшін жұмсауы мүмкін. Бірақ медиация 
кезінде құпиялылық туралы келісіге қол қойғанын ескерсек, бұндай әрекетті 
қолданушының айғақтарына наразылық келтіруге болады. Себебі сотқа 
ұсынылатын айғақтардың заңдылық қағидаттарын ескеру қажет. 
Жоғарыдағы талдауларды ескере келе, медиацияның артықшылықтарын 
төмендегіше белгілеуге болады. 

Медиация дауласушы тараптардың уақытын, ақшасын және 
эмоционалдық күшін үнемдеуге көмектеседі. 

Оны жүзеге асыру барысында процестің жағдайын, ұйымдастырылуын, 
регламентін және мазмұнын жеке анықтауға болады. 

Медиация қақтығысқа (кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға) 
немесе жеңіске емес, шешу жолдарын сындарлы іздеуге бағытталған. 

Уақыт тұрғысынан медиация қатысушылардың қажеттіліктеріне оңай 
бейімделуі мүмкін және даудың эмоционалдық және жеке аспектілерін ескере 
алады. 

Бұл ретте медиация процесі құпия процесс болғандықтан, 
қатысушылардың жеке мүдделері саласы толығымен қорғалады. 

Медиация дауласушы тараптарға болашаққа көз жүгіртіп, 
шығармашылық қабілеттерін пайдалануға мүмкіндік береді. 

Дауды медиация тәртібімен шешу кезінде, әдетте, қол жеткізілген 
келісімдер ұзаққа созылады және істің нақты жағдайына сәйкес келеді, бұл 
олардың орындалуына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың 
орындалуын өзара қолайлы және табиғи қадамға айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет