Күтілетін нәтижелер.
Еңбек дауларын сот тәртібінде қарағаннан медиация арқылы шешу
тиімдірек болады деп есептейміз.
8
Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
Магистерлік жобада жеке еңбек дауларын медиация тәртібін қолдану
арқылы соттан тыс реттеу мәселесі қарастырылған, медиацияның мәні мен еңбек
дауаларын шешудегі медиатордың рөлі сипатталып, оның қоғамға қаншалықты
қажеттілігі бар екендігіне зер қойылған.
Осы ретте жобада еңбек дауларын шешудің тиімді тұстарын салыстыру
кезінде Халықаралық Еңбек Ұйымымен әзірленген Еңбек дауларын реттеу
жүйесін жетілдіру бойынша нұсқаулықта да еңбек дауларының тарихи
қалыптасқан екендігі жайлы және көп елдерде даулардың ұжымдық немесе жеке
негізде орын алатын ұқсастығы және оларды реттеудегі қолдану тетіктерінің де
айырмашылығы жоқ екендігі туралы аталып өткен.
Дүние жүзінің барлық елдерінде белгілі бір елдің менталитетіне және
басқа да қасиеттеріне тән, жанжалды жағдайлар мен дауларды шешуде
қолданылатын татуластыру рәсімдерін қолдану туралы әңгімені табуға болады.
Мысалы, Ежелгі Грецияда делдалдарды (проксенаттарды) қолдану тәжірибесі
болса, ортағасырлық Қазақстанда билер институтын атауға болады.
Қазіргі әлемде медиация өткен ғасырдың 20-30 жылдарында АҚШ-та
белсенді дамып, англосаксондық елдермен қатар Еуропаның басқа да елдеріне
серпін берді. Нидерландта, Германияда, Бельгияда, Швейцарияда, Италияда
және Францияда медиация заңнамалық деңгейде бекітілген.
АҚШ-да Бірыңғай медиация актісі медиация мәселелерін реттейтін
негізгі НҚА болып табылады және ол 2001 жылы қабылданған. Бұл НҚА 10-нан
астам штатта қабылданып, қолданылдады, ал қалған штаттар медиацияда
жергілікті (локальды) құқықтық құжаттарды пайдаланады. Оларды қолдну аясы
отбасылық жанжалдар, ипотекалық азаматтық даулар, сақтандыру даулары,
келісім-шарт кепілдігі бойынша сот ісін жүргізу және т.б. салаларды қамтиды.
Европа елдері медиацияны Европалық Парламент пен Кеңеспен 2008
жылы қабылдаған «Азаматтық және коммерциялық істер бойынша медиацияның
жекелеген аспектілері туралы» директивасы негізінде жүзеге асырады және
оның қолдану аясы
экономикалық, еңбек (корпорация аралық және
корпоративішілік қақтығыстар) және басқару салалары, отбасылық даулар (оның
ішінде балалардың құқықтарын қорғауға байланысты), білім берудегі медиация,
экологиялық мәселелер, мәдениетаралық және қауымаралық қақтығыстар және
т.б. салаларды қамтамасыз етеді.
Ресей Федерациясында медиацияны қолдану 2011 жылдың 11 қаңтарында
күшіне енген "Делдалдың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы рәсімі
(медиация рәсімі) туралы («Об альтернативной процедуре урегулирования
споров с участием посредника (процедуре медиации)») федералдық заңмен
реттеледі.
Ресейдегі медиация азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын
дауларды шешу үшін, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық
қызметті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ еңбек құқықтық қатынастары
9
мен отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша
қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» заңы 2011 жылдың 28
қаңтарында қабылданды және осы заң аясында Қазақстанда медиация жеке және
заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де
құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша, сондай-ақ қылмыстық
істер бойынша және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылуы мүмкін.
Көріп отырғандай, медияцияны қолдану аясының кеңдігі барлық
мемлекеттерде бірдей деп айтуға болады және оның қолдану тарихы терең
болғанымен, құқықтық бастамасы 2000 жылдардың басынан бірінші
онжылдығында белсенділігін көрсетеді.
Осы орайда медиацияны дамыту үшін нақты құқықтық қолтаңбасын
қалдыруда Қазақстан Республикасы әлемнің алпауыт мемлекеттерімен тең
дәрежеде жұмыс жасап келе жатқаны ерекше мақтаныш сезіміне серпін береді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарында
сап түзеуі үшін саяси, экономкалық және әлеуметтік өркендеуін тек сөзбен емес,
іспен дәлелдеунің дерегі деп қарауға толық негіз бар.
ТМД елдерінде медиация заңды түрде төрт мемлекетте (Қазақстан, Ресей,
Беларусь, Украина, Өзбекстан) бекітілген. Жалпы Қазақстан тарихында дау-
дамайды бітімгершілікпен шешу бұрыннан бар процедура. Тек оның ғылыми
және құқықтық тұрғысынан елімізде орын алуы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік
алған кезден бастау алды. Бірінші рет, медиация туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында аталып өтті
(
аталған Жарлықтың күші 2011 жылдың 17 маусымында жойылды).
Тұжырымдамада қылмыстық саясатты ізгілендіру қажеттігі көрсетіле отырып,
өркениетті елдердің тәжірибесі қылмыстық жауапкершіліктен медиация рәсiмi
арқылы босату мүмкiндiгiне жататын қылмыстар тiзбесiн кеңейту,
жәбiрленушiге мүлкi мен моральдық зиянның, сондай-ақ оның денсаулығына
келтiрілген зиянның орнын толтыру жолымен бiтiстiру институтын барынша
кеңiнен енгiзу аталған.
Қазақстанда «Медиация туралы» заңы қабылданбас бұрын алдын ала
үлкен дайындық, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл заң бойынша
жоғарыдағы Тұжырымдамада көзделгендей медицацияны тек қылмыстық
құқықта ғана емес, әкімшілік, экономикалық, азаматтық құқықтарда да кеңінен
пайдалану мүмкіндіктерін ашты. Медиация туралы заңы аясында оны жүргізу
процедурасына, аталған заңды қалай дұрыс түсініп қолдану жайлы комментарий
әзірленіп, «Әділет» базасына енгізілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3
шілдедегі № 770 қаулысымен Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша
оқытудан өткізу қағидасы бекітілді. Бұл қағида кәсіпқой медиатор мәртебесін
алу, медиатордың біліктілігін арттыру және медиацияны оқыту үшін білімнің
қажетті минимумын көздейді. Жалпы елімізде осы жылдардан бастап кәсіби
медиаторлар институты өзінің дамуын бастау алды.
10
Дауаларды медиация арқылы шешу мүмкіндігі жайлы нормалар 2011
жылы ҚР Азаматтық кодексінде, 2014 жылы Қылмыстық кодексінде және Еңбек
кодексінде 2015 жылы жарық көрді.
Еңбек кодексінің 162-бабында татуластыру рәсiмдері – ұжымдық еңбек
дауын бастапқыда татуластыру комиссиясында, ал онда келiсiмге қол
жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігінде, сондай-ақ медиация рәсімін қолдана
отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша рет-ретімен қарау көзделген.
Айта кету керек бұл реттіліктердің барлығы да еңбек даулары бойынша
мәмілеге келу мүмкіндіктерін көздейді және мәмілеге жетпеген жағдайда сотқа
жүгіну үшін міндетті алдын ала сотқа дейінгі реттеу процедурасы болып
табылады.
Осы ретте ҚХА төрағасының орынбасары, ҚХА ғылыми-сарапшылар
кеңесінің мүшесі, тренер-медиатор Ш. Пуладов өзінің «Медиация – как
эффективный инструмент для разрешения трудовых споров» атты мақаласында
медиацияның тиімділігін көрсете отырып, оның даму көрсеткіштері жайлы 2019
жылғы кейбір статистикалық ақпараттардан байқауға болады. Атап айтқанда
ҚХА атынан 962 медиаторлар жұмыс жасайтынын, оның ішінде 626-сі қоғамдық
негізде жұмыс жасаса, кәсіби негізде 336 медиатор тіркелген. Көрсетілген жыл
көлемінде ҚХА-на 31 000 арыз түсіп, оның 19 053, яғни 61% медиативтік келісім
арқылы реттелгенін көрсеткен. Дегенмен, елімізде медиаторларды даярлау және
сертификаттау (аттестаттау) бойынша орталықтандырылған оқу орталығының
болмауы жайлы да сөз қозғалған.
Осы магистерлік жобада Медиацияның еңбек дауларын шешу құралы
ретіндегі тиімділігі жайлы зерттеулер ұсынылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |