Нормативтік сілтемелер 3 белгілеулер мен қЫСҚартулар



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата28.10.2023
өлшемі1.33 Mb.
#481848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
МАГИСТРЛІК ЖОБА

Зерттеу әдістері 
 
Жобаны дайындау барысында оның мақсаты мен міндеттері ескеріле 
отырып, сапалық зерттеу әдістері қолданылды. 
Жалпы ғылыми аясында
теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды, оның ішінде талдау 
мен салыстыру, байқау мен регрессиялық талдау әдісі мен SWOT-талдау. 
Магистерлік жоба аясында ұсынымдарды неғұрлым сапалы әзірлеп, 
еңбек қатынастары барысында туындаған немесе туындауы мүмкін даулар мен 
қақтығыстарды шешу жолдарының тиімділігін анықтау үшін жан-жақты және 
терең талдау талап етіледі.
Теориялық зерттеу немесе талдау ұсынылып отырған зерттеудің 
өзектілігін және оның басқа ғалымдармен зерттелу дәрежесін анықтауды, 
зерттеу жұмысының әдістемесін анықтауды мақсат етеді. Жобаны жазу кезінде 
жалпы медиацияның пайда болуы, оның өзге мемлекеттерде қолданылуы мен өз 
еліміздегі шығу тарихына, оның одан әрі жетілдіру мәселелерін анықтау үшін 
зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге, нормативтік-
құқықтық актілерге, тиісті бағдарламаларға, интернет-ресурстар мен 
мемлекеттік органдардың сайттарына, оның ішінде «Сот кабинеті» ҚР Жоғарғы 
Соттың сайтына, еңбек саласындағы мемлекеттік органдардың, Ассамблеяның 
т.б. сайттарына талдау жүргізілді.


11 
Талдаудың міндеттері болып, еңбек дауларын шешуде медиацияның 
еліміздегі қазіргі жағдайы, оның тұрғындармен қаншалықты жиі қолданылуы, 
медиация тәртібін жиі қолдануда кездесетін қиындықтары мен алдында тұрған 
кедергілерді зерделеу, сондай-ақ медиацияны еңбек даулары орын алған 
жағдайда пайдаланудың тиімділігін анықтау болды.
Талдау соңғы бесжылдықтағы ақпаратты зерделеуге басты назар аудара 
отырып жүргізілді, себебі елімізде медиаяцияны дамыту мәселесінің өзектілігі 
соңғы онжылдықта, ал талдау барысында сипатталатын дауларды балама 
реттеудің тағы бір түрі – партиспипативтік рәсім 2016 жылы бастау алды. 
Әлемдік тәжірибені салыстырмалы талдау да зерттеудің маңызды бөлігі, 
негізгі эмпирикалық әдісі болып табылады. Алынған мәліметтерді 
салыстырмалы талдау – объектілер арасындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтарды анықтауға көмектеседі, сонымен қатар оң тәжірибе 
негізінде одан әрі дамудың перспективаларын анықтайды. 
SWOT-
талдау елімізде медиацияның қолдану проблемалары туралы 
толық түсінік қалыптастыруға және зерттеу тақырыбына қатысты бүгінгі күні 
оның өзектілігі мәселелерімен үйлесімін табу үшін қолданылды. Ол 
Қазақстандағы медиацияның мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерін, күшті және 
әлсіз тұстарын анықтап, әлсіз жағын күштіге, ал қауіпті тұстарын мүмкіндіктерге 
айналдыру жолындағы мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді.
Нормативтік-құқықтық актілерге жүргізілген талдау зерттеу тақырыбы 
аясында қолданыстағы заңнамалармен медиацияның реттелуін және оны 
тәжірибе жүзінде қаншалықты толық қолдану немесе шектеу деңгейін 
айқындайды. Соынмен қатар, шетелдік НҚА мен қазақстандық НҚА-ді 
салыстыру арқылы олардың қолдану аясының кеңістігі мен тиімді тұстарына 
субъективті баға беруге мүмкіндік береді.
Байқау әдісі осы саладағы проблемалық мәселелерді іштей көріп, 
сезуімен, яғни жұмыс барысында жинақталған тәжірибемен және өндірістік 
тәжірибеден өткен «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен медиация орталығында жинақталған 
тәжірибесінің негізінде жүзеге асырылды.  
Зерттеудің әртүрлі әдістерін қолдану зерттеу тақырыбының мақсаттары 
мен міндеттерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет