15
Ғылыми әдебиеттерде дауларды шешудің соттан тыс түрлері
деген
терминдер қолданылады. Монологиялық түсіндірулердегі дауды шешудің
балама түрлеріне қатысты түсіндірмелердің көптігіне қарамастан, оның мақсаты
бір – ол азаматтық дауларды бейбіт жолмен, бітімгершілікпен шешу арқылы
тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Дауларды балама шешу тәсілдері немесе жолдары бастапқыда Alternative
dispute resolution (ADR)
деген терминмен
АҚШ заңдарында және құқық
теориясында пайда болды [19]. Мұндай бағдарламалардың алғашқы
бастамашылары діни және қоғамдық ұйымдар болды және алғашқы
эксперименттер 1970 жылдардың басынан басталады.
Жекелеген штаттарда бұл бағдарламалар қолдау тауып, сот жүйесіне
көшірілді. Медиация АҚШ-да үш кезеңнен өтті:
-
Сот процесіне балама ретінде дамыды;
- ADR
саясаттану мен заң ғылымындағы теорияға енді, әдістеме
құралдары пайда болды;
- ADR
кәсіби делдалдық институтына айналды.
Кейіннен англосаксондық құқықтық жүйесі бар елдер Америка Құрама
Штаттарында дамыған дауларды шешудің баламалы тәжірибесін қабылдады.
АҚШ-ның
бүкіл құқық жүйесі көптеген даулардың сотқа дейін ерікті
түрде шешілуін қамтамасыз етуге арналған және судья сот талқылауын үзіп,
тараптарға медиатормен жұмыс істеуге кеңес бере алады. Бұл елде экономика,
саясат және бизнес салаларында делдалсыз бірде-бір маңызды келіссөз процесі
жүрмейді.
Бейтарап медиатор қатысатын татуласу
рәсімі Ұлыбританияда өте
танымал, тіпті елдің кез келген жерінен қоңырау шалып, жанжалды сипаттауға,
медиаторға қатысты сіздің қалауларыңызды сипаттауға болатын арнайы қызмет
бар. Олар сенім телефоны арқылы сіздің талаптарыңызға сай мамандар тізімін
тұтастай ұсына алады. Ұлыбритания ымыраға келу мәселесі бойынша мынадай
тәжірибе енгізген: егер тараптардың бірі сот ұсынған медиация рәсімінен бас
тартса, ол істі жеңсе де, барлық сот шығындарын көтеруі керек.
Медиация ұғымы алғаш рет Үндістанда «Өндірістік даулар туралы» заңда
бекітілген [20].
Үндістанда медиация барысында қол жеткізілген келісімдер, бұл
рәсім қолданыстағы сот талқылауы шеңберінде қозғалғанына немесе
қозғалмағанына қарамастан, арбитраждық (төрелік) шешімдермен бірдей күшке
ие.
Германияда медиаторлар тікелей соттарда жұмыс істейді, бұл ықтимал
сот процестерінің санын айтарлықтай азайтады. Бүгінде медиация неміс
соттарына тек отбасылық істер бойынша ғана емес, жалпы соттарда, әкімшілік
соттарда және т.б. біріктірілген. Неміс заң мектептерінің көпшілігінде тұрақты
медиация курсы енгізілген. Яғни, заң факультетін бітіргендердің барлығы
медиация курсынан өтеді.
Сарапшылардың бағалауы бойынша
Қытайдағы даулардың шамамен
30%-
ы соттан тыс шешіледі.
Медиация рәсімдері, атап айтқанда, медиация ішкі дауларды шешу
құралы ретінде Жапонияда дәстүрлі түрде кең таралған. Жапондық іскер
16
топтардың дауларды шешудің баламалы әдістеріне ұмтылуы дәстүрлі түрде
этикалық жағымен - дауларды шешу тәсілі ретінде мемлекеттік сотты таңдауға
теріс көзқараспен байланысты болды.
Көптеген елдерде медиаторлар қауымдастығы бар, олардың қызметі осы
қауымдастықтар ішінде әзірленген ішкі актімен реттеледі, өзін-өзі реттеу актісі
деп аталады.
2004 жылдың 2 маусымында Брюсселде
Медиаторлардың Еуропалық
мінез-құлық кодексі қабылданған. Бұл дамыған елдердегі медиацияның рөліне
үлкен мән беретіндігінің айғағы. Аталған кодексте медиаторлардың ерікті түрде
өз жауапкершілігін сезініп қабылдайтын мінез-құлықтарын айқындауға арналған
қағидаттарды белгілейді. Бұл кодекс азаматтық және коммерциялық істер
бойынша медиацияның барлық түрлеріне арналған және төрт тарауды қамтиды,
олар: медиатордың құзыреттілігі мен оны тағайындау, тәуелсіздік пен
бейтараптық, медиацияны өткізу жайлы келісім, медиацияны жүргізу,
дауды
реттеу мен сыйақы төлеу, құпиялық [19].
Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде тұтынушы дауларын интернет арқылы
соттан тыс шешу танымал болды. ODR (онлайн дауларды шешу) платформасы
қазіргі уақытта ЕО-ға мүше 17 мемлекетте қолданылады. Дауларды шешу
органдары белгілі бір салаларда мамандануы мүмкін.
Шетелдік оң тәжірибе дауларды шешудің баламалы әдістерінің
тиімділігін көрсетеді.
Қазақстан үшін де медиация институты жаңалық емес. Жоғарыда атап
өткендей, дәстүрлі қазақ қоғамында билер делдал рөлін атқарған.
Жалпы, бұл институттың генезисі әдетте сақтар мен үйсіндер дәуірінен
қарастырылғанымен, билер институты дәстүрлі қазақ қоғамына ғана тән. Себебі
табиғи жолмен қажетті білім мен тәжірибе жинақталған отбасы мен ортада
тікелей тәрбиеленген қазақ қана нағыз би бола алады.
Бүгінгі таңда қоғамымызда қазақ билерінің дауларды шешу құралдарын
медиацияда қолдануына бағытталған күш-жігерді кеңінен түсіндіріп, осы
құбылыстың ең алдымен рухани-адамгершілік
және әлеуметтік-мәдени
көзқарастарын атап көрсету және оқыту керек.
Қазақстанда медиацияның көмегімен азаматтық, еңбек, отбасылық және
басқа да санаттағы жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарынан
туындайтын даулар (жанжалдар) қаралады.
Дауды медиация тәртібімен реттеу
туралы келісім жасасқан жағдайда төленген мемлекеттік баж төлеушіге ішінара
немесе толық қайтарылады.
Медиация мына жағдайларда қолданылмайды, егер:
-
медиация процесіне қатыспаған үшінші тұлғалардың және сот әрекетке
қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделері қозғалса;
-
егер заңда өзге қаралмаса, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып
табылған жағдайда;
-
сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен
мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстар туралы істер
бойынша.
17
Қазақ Гуманитарлық-құқықтық университетінің профессоры, «Келісу»
Астана қаласының кәсіби медиаторлар одағы» ҚБ директоры С.Б.Ыдырысова
«Азаматтық-құқықтық даулар бойынша медиация әсіресе келесі санаттағы
жанжалдарды шешуде тиімділігін атаған, олар:
-
коммерциялық даулар;
-
тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар;
-
меншікке қатысты даулар;
-
отбасылық даулар (некені бұзу және мүлікті бөлу және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: