Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ҼЛИ МҤСІЛІМҦЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ - ПІКІРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет41/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

ҼЛИ МҤСІЛІМҦЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ - ПІКІРЛЕРІ 
 
Бекжанова Б.Ж. 
PhD доктор 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Қызылорда 
 
Мұратова Ш. 
«Педагогика және психология» мамандығының магистранты 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қызылорда 
Аннотация. В статье рассматриваются педагогические взгляды Али Муслимовича. 
Анализируя педагогические взгляды ученого, его воспитательное наследие оказывает 
влияние на формирование личности.
Ключевые слова: личность, развития, педагогические взгляды. 
Summary. The article discusses the pedagogical views of Ali Muslimovich. Analyzing the 
pedagogical views of the scientist, his educational heritage has an impact on the formation of 
personality. 
Keywords: personality, development, pedagogical views. 
Ғалым - ҧстаз-қайраткер Әли Мҥсілімҧлы еліміздің білім саласындағы 
енгізіліп жатқан жаңалықтар мен реформаларға ӛзіндік қолтаңбасын қалдырған, 
Қызылорда облысының мектептерінің материалдық - техникалық базаларын 
нығайтуға, білім саласын ақпараттандыру бағдарламасын жҥзеге асыруға зор 
ҥлес қосқан тҧлға. 
Әли Мҥсілімҧлы заман талабына сай, жаңашыл, ӛзіне де, әріптестеріне де 
қатаң талап қоя білетін, адамгершілігі жоғары талапшыл жан еді. Сонымен 
бірге қоғамдық жҧмыстарға да белсене араласты. Облыстық әкімият мҥшесі, 
облыстық сайлау комиссиясының тӛрағасы қызметін атқарды. Бірнеше мәрте 
облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Бҥкілодақтық және 
республикалық мҧғалімдер съезінің делегаты болып, мазмҧнды баяндамалар 
жасады. 1995 жылы Анкарада ӛткен білім саласы қызметкерлерінің 
халықаралық съезіне қатысты. Ғалымның қаламынан 8 монография, 12 оқу 
қҧралы және 120-дан астам ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық кӛрген. Бҧл 
қҧнды еңбектері әлі кҥнге маңызын жойған жоқ, оқыту ҥдерісінде кеңінен 
қолданылып келеді.
Әли Мҥсілімҧлының бойындағы ерекше қасиеті – ол педагогикалық 
басшылық қызметті ғылыми ізденіспен ҧштастыра білді. 1999 жылы облыс 
бойынша жҥргізілген ӛзінің іс-тәжірибесін қорытындылап оны теориялық 
тҧрғыда негіздеп, «Мектеп оқушыларын нарықтық экономика жағдайында 
кәсіптік бағдарлау» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2003 жылы 
«Еңбекке даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында 
докторлық диссертация қорғады.


93 
Ғалымның педагогикалық ой – тҧжырымдарын зерделесек, «Халықтық 
тәрбие – дәуірдің небір қатал сындарында шын болаттай ширығып, бізге 
толыққанды болып жеткен баға жетпес мҧра. Демек біз оны әрі қарай 
шынықтыруды жалғастырып қана қоймай, оны уысымыздан шығарып алмай, 
жас жеткіншектерді тәрбиелеуде мейлінше кеңінен пайдалануымыз керек - деп 
атап кӛрсетеді [1]. Демек, жастарымыздың тәрбиесінде ҧлттық рухани 
қҧндылықтарымызды сіңіруді кӛздейді. Бҥгінгі кҥн тҧрғысынан қарайтын 
болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ҧрпақтың бойына 
жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты, отаншылдық сезімді 
сіңіру кезек кҥттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Ҧлттық сезім мен 
ҧлттық намыс, ҧлттық рухты кӛтеру – бҥгінгі таңның кезек кҥттірмес міндеті 
деп білеміз. Яғни елдің туын кӛтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне 
батыл бетбҧрыс жасаған бҥгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың 
ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мҧрағаттары мен ҧлттық тәрбие 
саласында жҧмыс жасау басты міндетіміз. 
Қазақи тәрбие, ҧяңдық тәрбиесі...... Біздің балаларымыздың сабақ 
айтқанда, не болмаса кӛпшілік алдында ӛз ойларын еркін, анық, кӛсіліп ай 
алмауы, жалтақ болуы, ойын толық жеткізе алмауы, ҧстазы немесе 
сыныптасымен пікір таластыра алмауы – сол тәрбиенің жемісі емес пе екен, - 
деп ойлаймын. Қалай болғанда да баланың тҧлға болып қалыптасуына кесірі 
әсері тиетіндігі сӛзсіз [2]. Осылайша, ҧлттық тәрбиемізді сактай отырып, 
оқушыларға ӛзінің ойын, пікірін, кӛзқарасын дәлелдеуді, субект-субьект 
бағытында қарым қатынас жасауды кӛздейді. 
Кейбір педагогтеріміз оқыту мақсаттарын тек оқушының ҥлгерім 
дәрежесін жақсарту деп біржақты тҥсініп жҥргені байқалады. Бҧл – қате 
тҥсінік. Оқытудың тҥпкі мақсаты – оқушы тҧлғасын жан-жақты дамытып 
қалыптастыру, тәрбиелеу – деп тҥсінсек екеуінің де әрекеті нәтижелі болмақ. 
Оқушы тек білімді қабылдаушы ғана емес, ол білім алу ҥрдісіне мҧғаліммен 
бірдей атсалушы да. Барлық оқушы физик, химик немесе математик болып 
шықпайды. Бірақ оның есесіне ол – азамат болып шығуы тиіс. Оның қандай 
азамат болары жанҧя мен мектептің жҥргізген жҧмыс мазмҧнына, оны жҥргізу 
әдістеріне тәуелді. Ата-ана мен мҧғалім осыны жан жҥрегімен тҥсінген 
жағдайда ғана екеуінің де әрекеті нәтижелі болмақ [3]. Тәрбие жҧмысының 
табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы 
ынтымақтастық қарым-қатынаста оң нәтижесін беретіндігін атап кӛрсетеді.
Ғалымның мына тҧжырымдарына назар аударсақ. Әлемді сҧлулық 
қҧтқарады деген жиі айтылады. Ал баланы ше? Меніңше баланы махаббат қана 
қҧтқарады, ата-ана мен ҧстазының махаббаты, мейірімділігі, кешірімділігі». 
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып ӛсуіне 
берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мҥшесі, ӛзара сӛйлесіп, не 
болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі-бірлік, 
сҥйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары 
сӛзсіз. Отбасында баланың тҧлғалық қасиетіне ықпал ететін кӛптеген 
жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мҥшесінің мәдени деңгейі баланың тҥрлі 
әлеуметтік қҧндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы тәрбиесінде 


94 
балаларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, ӛз ӛмірінің қҧндылығын жете 
тҥсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Ата-ана баланың мҥмкіндіктерін 
барынша дамытып, оны ӛмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай 
тҥрі болса да атқаруға психологиялық даяр болуға, әрдайым ӛзінің білімін 
жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жас ҧрпақтың тҧлғалық қасиеттерінің 
қалыптасуына ата-ананың балаға деген мейірімділігі мен махаббаты қажет. 
Біздерге ҥлкен сеніммен қарап отырған оқушыларымызға «бала» деп 
қарамай, оқы ӛз дәрежесінде қҧрметтеп, сыйлап, онымен достасуымыз әлі де 
жетпей тҧрған сияқты. Ӛз пәніңізге оқушыңыздың ынта-ықыласын, 
қызығушылығын арттырғыңыз келсе осы жағында ойластырғаныңыз жӛн-ау, - 
деймін, жемісі емес пе екен деп ойлаймын және мҧғалім әрбір оқушының ӛзгеге 
ҧқсамайтын қайталанбас тҧлға екендігін әрдайым есте ҧстауы тиіс – дей келе, 
алдымызда отырған әрбір оқушының тҧлға болып қалыптасып, дамуына ықпал 
жасауымызды зерделейді. Тҧлғаның қалыптасу мен даму заңдылықтарын, тҥрлі 
жағдайлардағы оның мінез-қҧлықтары мен іс-әрекеттерін зерделеу, адамдарда 
жиі жағдайларда жақындықтары бойынша біріктіру әлеуметтік психологиялық 
зерттеу обьектісі болып табылады. Ғалым ӛз зерттеулерінде қабілеттілік – бҧл 
оқушының жеке психологиялық ерекшелігі, ол жалаң білім мен дағды ғана 
емес, соны тез игеру жолындағы оның табиғат берген шалттығы мен 
табандылығын зерттей келе оқушы бойындағы қабілетті таба білу, оны шыңдау 
әрбір педагогтің міндеті екеніне баса назар аударады.
Ғалымның «Оқушыларды еңбекке даярлаудың ғылыми-педагогикалық 
негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясында жаңа экономикалық 
жағдайларға жастарды бейімдеу, нарықтық қатынастардың субьектісін 
дайындау қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік қажеттіліктердің бірі екенін атап 
кӛрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық тҧрақты даму және оның бәсекелестік 
сипатын дамыту ҥшін кәсіпкерлік пен еңбек етудің маңыздылығын дәлелдеді. 
Ғылыми еңбегінде нарықтық қатынас, осыдан туындап жатқан экономикалық, 
әлеуметтік басқа да ӛзгерістер білім саласын, оның ішінде оқушылардың 
еңбекке даярлық ҥрдісін жаңа бір сатыға кӛтеруді міндеттейді [4]. Адамға 
әсіресе балаға, артық ішкен дәрі, су, тіпті артық тамақтың ӛзі зиян, бірақ еңбек 
тәрбиеснің пайдадан басқа зияны болмас – дей келе, жас ҧрпақтың еңбек етуге 
белсенділік қасиетін, дәстҥрлі еңбек ету ету дағдыларын, шығармашылығын 
қалыптастыруды қамтамасыз етуді кӛздейді.
Әли Мҥсілімҧлы ӛз зерттеулерінде, педагогиканың теориялық негіздері 
арасынан басқару мәселесін тҧтас, ал оқушы даярлығын жеке қарастырды. 
Басқару деп әр тҥрлі деңгейдегі басқару субьектілерінің мақсаткерлік іс-
әрекетін айтамыз. Ол басқарылатын жҥйенің дамуы мен қалыптасуын 
қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа сапалық деңгейге кӛтере алады. Мектеп 
кӛруге барған білім саласы қызметкерлерінің басты назарында тек мектептің 
әдемілігі мен тазалығы сияқты сыртқы мазмҧны ғана емес, оқушы білім 
деңгейі, басқаша айтқанда мҧғалімнің оқыту әдістемесінің қандай дәрежеде 
екендігі, яғни ішкі мазмҧны болуы тиіс. Себебі, оқушы білімінің кӛрсеткіші – 
оның білім деңгейі, ал ол кӛрсеткіш мҧғалімнің ӛз пәнінің оқыту әдістемесін 
қаншалықты дәрежеде игергендігін дәл кӛрсетеді – деп тҧжырымдайды.


95 
Қорытындылай келе, парасаттылықты бойына дарытқан ғалым-ҧстаздың 
педагогикалық ой пікірлері, ҧлағатты ҧстанымы, тәрбиелік тағылымы бҥгінгі 
ҧрпаққа ҥлгі ӛнеге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет