Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет42/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиеттер 
1. Мҥсілімҧлы Ә. Ҧлт келешегі – ҧлттық тәрбиеден. // «Қазақ елі». 13.10.1998ж. 
2. Мҥсілімҧлы Ә. Тәрбие тал бесіктен басталады. // «Сыр бойы». 10.06.200ж. 
3. Мҥсілімҧлы Ә. Тәрбие табалдырықпен басталғаны ләзім (еңбек тәрбиесі негізінде). 
// «Ҧлт тағылымы» журналы. №3.2000ж. 
4. Мҥсілімҧлы Ә. Оқушыларды еңбекке даярлау процесін басқарудың ғылыми-
педагогикалық негіздері. «Ғылым», Алматы. 2003ж. 
ГЕНДЕРЛІК ТҼРБИЕГЕ ЖАҢАША БЕТБҦРЫСТЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
Бижанова Г.К. 
аға оқытушы, п.ғ.м., доцент, педагогика және психология кафедрасы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 
Қазақстан, Арқалық 
 
Нәкуова Ә.Т. 
Педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 
Қазақстан, Арқалық 
 
Ӛміртай Н. 
№49 Жаңа Жайнақ орта мектебінің мҧғалімі 
Қазақстан, Ақмола облысы, Целиноград ауданы 
 
Аннотация. В статье представлены вопросы, связанные с гендерным образованием. В 
соответствии с гендерной политикой, она основана на образовательных методах и делается 
акцент на эффективности работы, выполняемых в соответствии с гендерным образованием. 
Ключевые слова: гендерная политика, личность,воспитание, методы. 
Summary. The article reveals the problems of gender education. The methods of education 
from the perspective of gender policy are substantiated. The article is aimed at the effectiveness of 
the work carried out in accordance with gender education. 
Keywords: gender policy, personality, education, method. 
Қазіргі заманда елімізде гендерлік саясат ӛзекті мәселелердің бірі болып 
отыр. Қазақстанда гендерлік саясатты жҥргізу жҧмысына байланысты 
Қазақстан Республикасының Әйелдер жӛніндегі Ҧлттық комиссиясы 
жҧмыстарымен отбасы – демографиялық саясатының атқарған істері 
бақыланып отыр. «Ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен 
қоғам жҥгін қайыспай қатар кӛтере білді»-деген болатын Н. Ә. Назарбаев [1]. 
Бҧл Қазақстандағы ӛзекті мәселелерлің бірі, сондықтан алдымен гендерлік 
психологияға тоқталып ӛткен жӛн.


96 
Гендерлік психология – адамдардың жыныстық тәнділігіне байланысты 
әлеуметтік мінез-қҧлқын детерминациялаушы, тҧлғаның гендерлік бірдейлік 
сипатын зерттеуші психологияның бӛлімі. Бҧл саладағы психологиялық 
зерттеулер адамдардың әйелдер мен ерлердің жынысының тҧлғалық 
сипаттарын салыстырмалы зерттеуге бағытталған [2]. 
Бҧл ретте, ең алдымен бҧл мәселені дҧрыс тҥсініп алу керек, кӛбінесе 
гендерологияға қарсы келушілер оны феминизм деп ойлайды. Феминизм мен 
гендерлік саясат екеуі мҥлде бӛлек. Екеуінің арасын ажыратып алмасақ болмайды. 
Гендер дейтініміз – әйел мен ер адамның теңдігі. Әйел адамның қҧқығын 
қорғадық па, ер адамның да қҧқығын қорғауға тиіспіз. Мәселен, біз әйелдердің тҥрлі 
кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ҧшырайтындығы туралы кӛбірек айтамыз. 
Ал, отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мҥлде ҧмыттық. Гендер 
осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында кӛп жағдайда әйелдер 
тарапынан психологиялық қысымға ҧшырайды. Ӛйткені, ер адамға отбасын 
асырау міндеті жҥктелген. Егер, олар тең болса, әйел адамға да ол міндет 
жартылай жҥктелсін деген мәселе қойылуы керек еді ғой. Немесе, әскер 
қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жҧмыста кӛбіне ӛлім-жітімге душар 
болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып 
келеді. Сондықтан, ерлердің де мҥддесін қорғау маңызды. 
Біз қазір тең қҧқылық дегенді де шатастырып жҥрміз. «Тең» басқа, 
«бірдей» басқа. Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан 
алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. 
Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рӛлдері де бӛлек. Тіпті, ақыл-
ой деңгейі, сана, ойлау жҥйесінде де айырмашылық бар.Мысалы, орта есеппен 
алғанда, еркектермен салыстырғандағы әйелдерге тән ерекшеліктер
Денесіне 70 пайыздан артық май жиналады, бҧлшық еттері 40 пайызға 
кем болады; 
Бойы 12,5 см-ге қысқарақ және салмағы 18 кг-ға жеңілдеу келеді; 
Иістер мен дыбыстарға әлдеқайда сезімтал болады; 
Мазасыздық пен депрессияға екі есе ҧрымтал болады. 
Орта есеппен алғанда, әйелдермен салыстырғандағы еркектерге тән ерекшеліктер
Жыныстық жетілу баяу ӛтеді (әйелдерден шамамен екі жылға артта 
қалады), бірақ ӛмірлері қысқарақ болады (бҥкіл әлемде әйелдерден тӛрт 
жылға аз ӛмір сҥреді); 
Назардың жетіспеушілігі немесе гипербелсенді бҧзылулар синдромы ҥш 
есе жиі қойылады; ӛзіне-ӛзі қол жҧмсау жағдайы тӛрт еседен кӛбірек 
кездесуі мҥмкін және найзағай тҥсіп, ӛмірден озу ықтималдығы бес 
еседен артық болуы мҥмкін; 
Қҧлағын қозғалтуға әлдеқайда бейім болады. 
Психологтардың пікірінше, ер адамдармен салыстырғанда әйелдер ҥшін 
бауырмалдық негізіндегі жақын қатынастар алдыңғы орынға қойылады. 
Гендерлік дамуға қатысты ӛзінің онжылдық зерттеуі бойынша Элеонора 
Маккоби ер балалармен салыстырғанда қыздар ойын кезіндегі қарым-қатынаста 
әлдеқайда ҥйірсек және оларда агрессияның әлдеқайда тӛмен болатынын атап 
кӛрсеткен[3].


97 
Сондай-ақ олар кӛбінесе бір баламен достасып, онымен тығыз қарым 
қатынас жасайды және шағын топтарда ойнауды қалайды. Ер балалар кӛбіне 
ҥлкен топтардаға ойында белсенділік танытады. Ал ер балалар мен ер 
балалармен және қыздар қыздармен бӛлектеніп ойнаудың нәтижесінде 
жыныстық айырмашылықтар арта тҥседі. 
Әйелдер кӛмекті әлдеқайда қош кӛреді. Олардың эмоциялары ӛздерінің 
қатынас жасау тәжірибесіне байланысты болады және басқалармен қарым-
қатынасқа бейім келеді. Әңгімелесу барысында ер адамдар кӛбінесе алға 
қойылған міндеттерге және ҥлкен топтармен байланыс жасауға барынша назар 
аударса, ал әйелдер тҧлғааралық қатынастарға кӛңіл бӛледі. Әйелдер ӛзара 
телефонмен ҧзағырақ сӛйлеседі, ал қыздар ер балаларға қарағанда мәтіндік 
хабарламаларды кӛбірек жібереді.
Әйелдердің басқалармен сенімді, жақын қатынас орнату мақсаты болса, 
олар ҧзақ әңгімелеседі; ал ерлер, жалпы алғанда, ҥстірт сӛйлесе де, ӛз пікірін 
дәлелеп, ақпарат беру керек болғанда белсенділік танытады. Әйелдер ӛздерінің 
эмоциялары айқын байқалатын электрондық хаттар жазып, жіберуге кӛп уақыт 
жҧмсайды және олар кӛп уақыттарын әлеуметтік желілерге кетіреді. Топтарды 
әйелдердің кӛпшілігі ӛз ӛмір жағжайымен бӛліседі және кӛбінесе қолдау 
кӛрсетуге әзірлік танытады.
Стресске тап болған ер адамдар «шайқасу немесе қашу» арқылы жауап 
береді. Кӛбіне, шайқас олар ҥшін қауіп-қатерге қарсы әрекет ретінде 
таңдалады. Шелли Тэйлар атап ӛткендей, барлық дерлік зерттеулерде әйелдер 
қандай стреске ҧшыраса да, олар кӛбінесе «бейімделеді және басқаларға 
кӛмектесе алады»; олар достары мен отбасы тарапынан қолдау кҥтеді[4]. 
Жалпы алғанда, әйелдер- басқа адамдармен, ал ер адамдар заттармен 
жҧмыс істеуге кӛбірек қызығушылық танытады. Әйелдердің математикаға 
деген қабілеті болса да, олардың ер адамдарға қарағанда математика 
саласындағы жетістікке жетуге деген ҧмтылыстары тӛмен болады. Тағы бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет