П 15 Пікір жазғандар


Лирикалық шығарма ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
әдебиет теориясы

3.3.
Лирикалық шығарма ерекшеліктері
Лирика (грекше – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) -
әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты
адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең
психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады. Лириканың бас
қаһарманы – ақынның өзі.
Лириканың күші - әсерлілігінде, әсерлілік әр нәрсені әншейін ауызекі әңгіме
қылғандай сылтыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыруда,
демек, лириканың күші – баяндауда емес, суреттеуде жатады. Лирика тегіне мынадай
түрлер жатады:баллада, идиллия, сонет, ода, мадригал, арнау, эпиграмма, эпитафия,
эпиталама т.б.
Лирика – көркем әдебиеттің негізге саласының, жанрының бірі, басты
ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді. Лирикада
ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен
суарылған, нәрленген жалынды сезім. Әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар оқырманды
тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған, жай
сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лирикаға жан беретін сезімнің отты нәзіктігі.
Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын,
қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармалардан айырмасы да,
өзіндік артықшылығы да – міне, осында.
Егер эпикалық жанрдың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып,
суреттелгеніне байланысты болса, лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен
адамның көңіл-күйін, өмірдегі жағдай-құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу
шеберлігімен ұштасып жатады. Адамның жан-сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән
ерекше сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын, табиғатты
айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады.
Лирика ( грекше lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы ) –
әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты
адамның ішкі көңіл күіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең
психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады. Лирикалық шығармаға
ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса
қатты толқынуы, автордың өз басының алуан­алуан нәзік түйсіктері, күйініш­сүйініші тән


болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі­түрлі толғаныс –
субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның
көңіл күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал­жайына байланысты, өзін
қоршаған шындықтың саяси­әлеуметтік сырымен сабақтас. Сөз өнерінің өзге тектері (
эпос пен драма ) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп. Қандай суреткер
болсын, көркем шығарма жазудағы мақсат – адамды көрсетіп қана тыну емес, адам
арқылы қоғамды, мүмкіндігінше, өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алып
қарасақ, лириканың өзге тектерге, айталық, эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан
тек тәсіл жағынан айырмасы бар. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның атам заманғы
ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы баяғы салт өлеңдерінде –
Той бастар мен Жар­жарда, Сыңсу мен Беташарда немесе мұң­шер өлеңдерінде – Қоштасу
мен Көңіл айтуда, Естірту мен Жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын
толассыз жамырап әр түрлі ән өлеңдеріне, толып жатқан толғау жырларға тоғысқан да,
одан лиро­эпосқа келіп сіңген. Эпостық шығармаларда лирикалық нәзік сезімдер,
шалқу­шалықтаулар, көтеріңкі пафос, сондай­ақ лирикалық шығармаларда эпостың
элементтері кездесе береді. Бұған дәлел – жоғарыда аталған лиро­эпос. Ендеше, лириканы
жалаң тексеріп, түр­түрге бөліп жатудың өзі – шартты нәрсе. Сондықтан біз лириканың
кейбір тарихи түрлерін атағанда, әрқайсысын заңдандыру үшін емес, жалпы лирикалық
өлеңдердің бүкіл әлем әдебиетіндегі бір алуан даму жолын ойша топшылау, бағдарлау
үшін ғана қысқаша шолып өтпекпіз. Орта ғасырда роман ( француз, испан, итальян )
елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі – баллада (
итальянша ballare – билеу ) – лиро­эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Баллада
өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады׃ әуелде бір топ адам қол ұстасып,
би билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе, кейін сыршыл толғау, енді бірде асқақ әуенді
арнау түріне ауысты. Соңғы түрдің үлгісі ретінде белгілі француз ақыны Франсуа
Вийонның « Бұрынғы өткен арулар » деген балладасын атауға болады. Лириканың антик
әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі – идиллия ( грекше eidyllion – суреттеу, сурет ) –
әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайым­қайғысыз қызғылт өмір туралы
жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық
аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той­думаны,
сауық­сайраны. Байырғы Грецияда мұндай өлеңдерді Феокрит, Римде Вергилий жазған.
Идиллия Сумароков, Херасков, Княжнин, Жуковский, Гнедич сияқты орыс ақындарында
да бар. Бірақ біздің дәуірімізде бұл жанр мәнін жоғалтты, қазір идиллиялық өлең жазып
жургендер некен­саяқ немесе жоқ. XIV ғасырдағы француз әдебиетінде идиллия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет