Pseudorasbora parva
(Temminch et Schlegel)
Амур шабағы
Амурский
чебачок
Rhodeus sericeus (Pallas,
1776)
Кәдімгі кекіре Обыкновенный
горчак
Triplophysa strauchi (Kessler)
Теңбіл талма-
балық
Пятнистый
губач
Саргантәрізділер отряды – Beloniformes
Oryzias latipes (Temminck et
Sch.)
Медака
Медака
Алабұғатәрізділер – Perciformes
Micropercops cinctus (Dabry
de Thiersant)
Қытай
элеотрисы
Китайский
элеотрис
Rhinogobius similis (Gill,
1859)
Қытай
бұзаубасы
Китайский
бычок
Channa argus (Cantor, 1842)
Жыланбас-
балық
Змееголов
Балықтар
түнгі
мезгілде
нәтижелі
ауланатын
болғандықтан құрма ау кешкі сағат 18
00
ден таңғы сағат 06
00
аралықты қамтыды. Нәтижесінде кәдімгі ақмарқа, күміс мөңке
және жыланбас балықтары ауланды. 2012 жылы жүргізілген
ғылыми-зерттеу жұмыстарында 7 жасты құрайтын ұзындығы –
54 см., салмағы – 2485 гр. болатын ақ амур балығы ауланған
[32].
Ақмарқа Қазақстандағы табиғи ареалы тек Каспий
бассейні яғни, Орал, Ембі, Сағыз, Улкен және Кіші өзен, Күшім
суқоймасы және т.б. Балқаш-Іле су алабы бассейнінде кездейсоқ
жерсіндірілген[3]. Қапшағай суқоймасы алғаш құрыла бастаған
кезде, 1971-1973 жж. Іле өзенінің төменгі бөлігінен (Балқаш
бассейні) Қапшағай суқоймасына жалпы саны 49,201
мың дана
әр түрлі жастағы ақмарқа балықтары жіберілген [4]. Қазіргі
таңда кәсіптік түр болып саналады. Байсерке суқоймасына
қайдан және қалай пайда болғаны туралы мәліметтер жоқ.
Күміс мөңке. Алматы облысының барлық суайдындарында
кеңінен таралған. Күміс мөңке – фитофил, уылдырығын су
температурасы 9,5-22°С – қа жеткенде,
жағалаудағы тереңдігі
10-15 см болатын өсімдіктерге, қамыс тамырларына шамамен
сәуірдің аяғы мамырд айының басында шашады. Жынысқа 3-4
жасында жетіледі. Уылдырық шашу уақыты ұзақ, уылдырығын
бөліп шашады. Байсерке суқоймасындағы құрма аудың
нәтижесінде күміс мөңкенің 2 данасы ауланды.
Жыланбасбалық. Қытай және Корей суалаптарында мекен
етеді. Уссури, Сунгари өзендернің бассейндерінде, Амур
өзенінің орта және төменгі ағысында, сондай-ақ, Ханка көлінде
таралған. 1960 жылдары ҚХР-нан
өсімдік қоректі балықтармен
бірге Арал бассейнніне, Талас, Шу өзендеріне және Сарысу
өзенінің төменгі ағысына таралды. Г.М. Дукравецтің зерттеген
мәліметтері бойынша [5] Аралдан тұқы және өсімдікпен
қоректенетін балықтардың шабақтарымен бірге Алматының
маңайындағы
тоғандардың біріне әкелінді, жер суаратын канал
арқылы Кіші Алматы өзеніне, сосын Қапшағай суқоймасына
құятын Қаскелең өзеніне келді. Қысқа мерзім ішінде
суқойманың жоғарғы жағына (құярлықтағы көлшіктер) және
Балқашта Іле өзенінің төменгі сағасындағы көлдер жүйесіне
дейін
таралды.
Жыланбасбалықтың
ересек
дарақтары
балықшылардың ауында, сонымен қатар, 2008
жылдан бастап
суқойманың
кейбір
жерлерінен
біздің
бақылаудағы
ауларымызда да кездесе бастады. Қаскелең, Есік және т.б.
өзендердің сағаларында, сондай-ақ, өзен құярлығындағы
жайылма суларда да кездесті. Байсерке суқоймасында ұзындығы
– 26,2 см, салмағы – 452 гр, болатын 1 данасы ауланды.
Шабақтық сүзекімен аулау барысында кәсіптік маңызы
жоқ бірнеше балықтардың түрі белгілі болды.
Балқаш-Іле су
алабы бассейніне бағалы кәсіптік балық түрлерін жерсіндіру
кезінде кездейсоқ жерсінген – қытай кешеніне тән кәсіптік емес
балық түрлері де пайда болды.
2 кесте – Байсерке суқоймасындағы шабақтық сүзекімен
ауланған балықтардың ұзындық-салмақтық көрсеткіштері
Шабақтық сүзекімен ауланған балықтардың ұзындық-
салмақтық көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген. Уаланған
балықтардың нәтижесі бойынша ең жоғарғы концентрацияны
медака (1,072 дана/м
3
және 83,5%) құрады.
Достарыңызбен бөлісу: