Сімдіктер экологиясы


 – сурет. Әртүрлі климаттық белдеулердегі температураның



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

10 – суретӘртүрлі климаттық белдеулердегі температураның 
жылдық ӛзгерістері (Б.П. Алисов, О.А. Дроздов, 1952). 
Белгілер: 1-экваториальдық белдеу климаты; 2-субтропикалық 
батыс жағалау климаты (Лиссабон); 3-континентальды белдеу 
климаты; 4-арктикалық климат 
 (Гренландияның солтүстік жағалауы).
Аталған термикалық (жылулық) белдеулер ішінде темпера-
туралық жағдайға және ӛсімдіктердің түрлері мен орналасуына 
байланысты тағы да зоналар мен аймақтарға бӛлінеді. 
ТМД территориясында топырақ-климат ерекшелігі және 
ӛсімдіктер жамылғысы бойынша тӛмендегідей аймақтар бар: 
а) тундра 
б) орманды аймақ
в) далалы аймақ 
г) шӛлейт далалы аймақ 
д) шӛл дала аймағы 
Жер ғаламшарындағы экологиялық жағдайлар (жарық қуат-
тылығы, температура, сумен қамтамасыздығы, топырақ-климат 
ерекшеліктері, жер бедері, яғни рельеф, т.б.) климаттық аймақ-
тарда біркелкі емес. Әртүрлі экологиялық орталарға бейімделуі 
нәтижесінде және миллиондаған жылдарғы эволюция барысын-


29 
да, ӛсімдіктердің орасан кӛп биологиялық түрлері қалыптасып, 
әртүрлі табиғи орталарды игерген.
Температура – организмдер үшін ӛте маңызды экологиялық 
фактор, ӛйткені ағзадағы биохимиялық реакциялардың жылдам-
дығы және бағыты температураға тәуелді. Ван-Гофф ережесі бо-
йынша температура 10°С-қа кӛтерілгенде химиялық реакция-
лардың жылдамдығы екі есеге артады. Мұндай әсердің ӛсімдік-
тер организмі үшін маңызы зор.
Ғалымдар әдепкі зерттеулерінде 0°С-тан жоғары, оң темпе-
ратуралар қосындысын алған. Бірақ, кейінгі зерттеулерде алуан 
түрлі ӛсімдіктер ӛсіп дамуына әр түрлі температура мӛлшері ке-
рек екені белгілі болды. Нәтижесінде физиологиялық ноль тем-
пературасы түсінігі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет