Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Физиологиялық ноль (Т
0
) – ӛсімдіктердің тұқымының, же-
місінің, бүршектерінің ӛсе бастауына керекті алғашқы темпера-
тура деңгейі. Мысалы, жаздық бидай, арпа, сұлы тұқымы +1-
+3°С-та, күріш +10-+12°С-та ӛніп ӛсе бастайды. Яғни, бидай, 
арпа, сұлының физиологиялық ноль температурасы 0°С, күріш-
тікі +10°С (11-сурет). 
1,3-тұқымнан ӛніп шыққан ӛскін биомассасы; 
2,4-ӛскін биомассасының тәуліктік ӛсімі (фотосинтетикалық алаңға 
есептелінген салыстырмалы мӛлшер)
 
11 – сурет. Бидай және күріш ӛсімдіктерінің ӛсіп дамуының 
температуралық кӛрсеткіштері. 


30 
Ӛсімдіктер – пойкилотермді организмдер, яғни олардың де-
несінің температурасы қоршаған орта температурасымен сәй-
кестенеді. Олардың ӛсіп дамуы кезеңі ішінде немесе белгілі бір 
кезеңде қабылданған керекті температураны анықтайтын кӛр-
сеткішті температуралар қосындысы немесе тиімді темпера-
туралар қосындысы (∑t°) деп атайды. Ол салқынға тӛзімді 
ӛсімдіктер (дақылдар) үшін +5°С-тан жоғары температуралар 
қосындысы, қоңыржай климатта ӛсірілетін дақылдар үшін 
+10
0
С-тан, жылы сүйгіш дақылдар (ӛсімдіктер) үшін +15
0
С-тан 
жоғары тәуліктік орташа температуралар қосындысы алынады. 
Қоңыржай аймақта ӛсетін табиғи шӛптесін ӛсімдіктер үшін 
+5°С-тан жоғары температура кӛктемгі құбылыстарды туында-
татын температура деп есептеледі.
∑ t
0
═ (t°
– t°
а
) · n , 
мұнда, ∑t

– тиімді температуралар қосындысы; t°
– белгілі ке-
зеңдегі тәуліктік орташа температура; t°а
– шартты түрде алын-
ған (мысалы, +5°С, +10°С, +15°С) температура деңгейінен жоға-
ры тәуліктік орташа температура; n – кезең аралығы, күн саны.
Тиімді температуралар қосындысы әрбір дақылдар үшін әр-
түрлі және белгілі деңгейде айырмашылықтары бар. Мысалы, 
бидайға керекті ∑t° – 1550-1850°С, күріш үшін ∑t° – 3500-
4000°С. Сондықтан Қазақстандық Арал ӛңірінде бидайды нау-
рыз айында және сәуір айының басында себеді, ал күрішті ма-
мыр (1-25) айында егіп суға бастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет