282
4. Отандық кəсіпкерліктің өнімділігін арттыру жəне «Өнім-
ділік – 2020» бағдарламасын орындау.
5. Отандық өндіріс салаларының бəсекелік қабілеттілігін кө-
теру жəне өндірісті əртараптандыру.
Алдағы уақытта, еліміз экономикалық өсудің осы жəне басқа
да міндеттерін орындау арқылы экономикалық өсудің тиімділігі
мен сапасына маңызды түрде көңіл бөледі. Демек, экономика-
лық өсудің тиімділігі мен экономикалық өсудің сапасы кез келген
ұлттық экономиканың əлеуметтік-экономикалық
даму деңгейін
бағалайды.
Экономикалық өсудің тиімділігі –
бұл тауарлар мен қыз-
меттердің сапасын жақсарту, олардың бəсекелік
қабілеттілігін
көтеру, өнімнің жаңа түрлерін жасау, өндірістің мамандандыры-
луын тереңдету, инновациялар мен жаңа технологияларды игеру
сияқты экономикалық қызметтің əртүрлі бағыттарын қамтитын
кең мағыналы ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: